100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Тоғызқұдық ауылдық округі бойынша 2019 ж 1 тоқсандағы әлеуметтік –экономикалық дамудың кемшіліктері мен қорытындылары туралы түсіндірме хат.

Бұқар жырау ауданының
экономика және қаржы    
бөлімінің басшысы
Е.Жумашеваға  

 

Тоғызқұдық ауылдық округі бойынша  2019 ж  1 тоқсандағы  әлеуметтік –экономикалық дамудың кемшіліктері мен қорытындылары туралы түсіндірме хат.

    
     Электр қуаты – округ бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанда коммуналдық  қызметтер төлемі 100 пайызды құрайды. Ауыл тұрғындары коммуналдық төлемдерді уақытылы төлеп тұрады.
     ҚТҚ жинау үшін контейнер орнату – округ тұрғындарымен ҚТҚ жинау үшін контейнер орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
     ҚТҚ полигонын ашу – ҚТҚ ашу жөнінде жеке және заңды тұлғалармен  түсіндірме жұмыстары жүргізілген. ҚТҚ-ны  тіркеу үшін құжаттары сотқа жіберілді.
    Елді мекеннің санитарлық жағдайы – ММ әкімшілік айыппұлдарын «Web-AП» аппараттық модуліне енгізу үшін Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас проркуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен рұқсат алынған. Бүгінгі күнге дейін салынған айыппұл жоқ. Учаскелік полиция инспекторымен  үйлерді аралап тазалық жасау жөнінде ескерту жасалған. Ауыл тұрғындары өз аулаларын тазалауда.
    Су есептегіштерін орнату- тұтынушылар суық суды есепке алу құрылғысымен 100 пайыз қамтылған. 245 суық суды есепке алу құрылғысы орнатылған.
    Тұрғын үй инспекциясы – Қатты тұрмыстық қалдықтарды тіркеуге арналған материалдар сотқа жіберілді.
    Экономика және қаржы – 01.04.2019 жылда бюджеттік қаржыны пайдалану 99,9% құрады.
    Кәсіпкерлік және өнеркәсіп - Ауылдық округтің бірден бір даму бағыты  өнеркәсіп болғандықтан «Туризмді дамыту» бойынша жобалар жоқ.     
Дәріхана, шаштараз, шиномонтаж  ашу жөнінде де тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Қарағанды облысы статистика департаментінің  мәліметі бойынша округ аумағында  жұмыс істемейтін бір ауыл тұтынушылары кооперативі  «ЭКО ПРОДУКТЫ» тіркелген. Аудандық мемлекеттік кірістер салық басқармасына ауыл тұтынушылары кооперативі  «ЭКО ПРОДУКТЫ» жұмыс істемейтіні жөнінде хат жолданды. Қарағанды облыстық Координациялық кеңес қарауына жаңа жобалар болмағандықтан жіберілген жоқ. Ауыл тұрғындары арасында «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жалғастырылуда.
     Инфляциялық процестер - Азық - түлік тауарларының бағаларының өсуі  көтерме бағаның  тұрақсыздығынан орын алуда.
     Ауыл шаруашылық – Округ бойынша «Алға қадам» АШӨК жалға асыл тұқымды 5 бұқа алды. Тасшоқы ауыл тұрғындары жалпы табынға 5 бас асыл тұқымды бұқа алды. Шара қожалықтарының басшыларымен арнайы ауыл шаруашылық техникаларын алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылық жерлерінің 1484,3 га мақсатты түрде пайдаланбайды, себебі кезінде жерді алған шаруа қожалық басшылары кейбіреулері қайтыс болған, кейбірі көшіп кеткен. Бүгінгі танда олардын қайтыс болғаны туралы анықтама Әділет басқармасынан алынып жер қатынастары бөліміне тапсырылды, 2017 жылы пайдаланбайтын шаруа қожалық басшыларының құжаттар облыстық аумақтық жер инспекциясына тапсырылып 420 га жер қайтарылды.
    Ветеринария -  округ аумағында өлекселерді көму алаңы қарапайым
түрде, ветеринариялық іс-шаралар округ аумағындағы шаруа қожалықтарының қоршауында және де жеке тұрғын үй қораларында жүргізіледі.
    Жер қатынастар – Шаруа қожалықтарының басшыларымен пайдалынбайтын жер учаскелерін тиімді пайдалану жөнінде  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    Білім – Кузнецкий ЖББОМ ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. От
жағатын қазандықты сыртқа шығаруға қаражат бөлінген жоқ.
Тасшоқы негізгі мектебі ағымдағы жөндеуден толық өткізілді. От жағатын қазандықты сыртқа шығаруға қаражат бөлінген жоқ. 
    Дене шынықтыру және спорт - аудандық спорттық іс шараларға округтің жастары футболдан, үстел тенисінен, шахмат, дойбы жарыстарына қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
    Жұмыспен қамту – округ бойынша жыл басынан тұрақты жұмысқа 10 адам тұрақты жұмыспен қамылды.
    3-бағыт негізінде 1 адам шілде айынан бастап жастар тәжірибесінен өту жоспарлануда. Әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
        Мәдениет және тілдерді дамыту –«Тілдің дамуы мен елдің дамуы бір тұтас» тақырыбында мақала Бұқар жырау жаршысы газетіне сәуір айында жіберілді.
        Ішкі саясат – округтегі әлеуметтік шиеленіс жайында ақпарат
аудандық ішкі саясат бөліміне уақытылы беріліп тұрады. 2 - жартыжылдықта газет – журналдарға жазылу 100 % орындалды.
Қазынашылық - 2 төлем растау құжаты КНП дұрыс
көрсетілмегендіктен қайтарылды.
         Мемлекеттік қызметтер – тұрғындар арасында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды насихаттау жұмыстары әрі қарай жүргізілуде. Брошюралар мен буклеттер уақытылы таратылады. Электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуды түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Мобильді қосымшаны танымал етудегі «Digital agent» (сандық агент) баннер орнатылды.
        Тапсырмаларды орындау – аудан әкімінің тапсырмалары уақытылы
орындалып беріліп тұрады.
         3- айда округ бойынша заңды тұлғалардан  өтініш түскен жоқ, ал жеке
тұлғалардан 5 өтініш түсті. Өтініштер уақытылы қаралып жауап беріліп тұрады.
         Штаттық мәселе –27.08.2018 жылдан бастап жетекші маманның орны бос. Қазіргі уақытта келісім шарт бойынша бір адам жұмыс істеуде.
 


Размещение информации: 17 Мая 2019 15:27
Последнее редактирование информации: 17 Мая 2019 15:30
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»