100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Ақөре ауылы әкімі А. Магауияновтың 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі.

Ақөре ауыл аумағы 73060 га.
Ауылда 440 адам тұрады, оның ішінде жастар саны- 87, экономикалық белсенді халық саны - 238 құрайды, жұмыспен қамтылғандар 150 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 34  адам, жұмыссыз 4 адам тіркелген.
Ауыл бойынша зейнеткерлер саны – 44 адам.
Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіпті кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына көп көңіл бөлінуде.
Ауыл бойынша 41 жеке шаруа қожалықтары, 6 жеке кәсіпкерлер тұрақты түрде жұмыс атқаруда. 2019 жылдың 1 қаңтарына 3523 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 1845 бас тіркелген. Ұсақ мал саны 1399 бас. Жылқы саны 1014 бас.  Құс саны 1801 бас.           
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Егістік және жайылым алқаптарды электронды базаға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егістік жерлерін қолданбаған 2 шаруа қожалықтарына заң жүзінде шара қолдану үшін акт толтырылды. 2018 жылдың 25 желтоқсанына 29540 га егістік және жайылым жердің 24667 га жері электронды базаға енгізіліп, 83,5 пайызға орындалған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:
Бірінші бағыты бойынша, 2018 жылы ірі қара мал басын көбейту мақсатында «Ботакара»  бағдарламасы арқылы А.Дарменбаев 6 млн. тг, «Бейбарыс»  несиелік серіктестігі арқылы Г.Байдельдинов  6 млн.тг алды. 4 жұмыс орнын ашу көзделуде.
Екінші бағыты бойынша қайта даярлау курсына: Е.А.Уахитова – тіркеліп, курсты өтті.
Ауыл бойынша 54 адам жұмысқа орналастырылды.
Қоғамдық жұмыспен 2 адам қамтылды.
Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 1 мүмкіндігі шектеулі азаматтар Көкшетау қаласына «Боровое» демалыс орнына барып, ем алып қайтты.
ҚР 2015-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:
            «Мектепке жол» акциясы бойынша 12 балаға оқу құралдарын таратты.
Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп жасына дейінгі 30 балаға тәтті сыйлықтар таратылды. 
ҚР 2017-2021 жылдар аралығындағы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында:
«Нияз», «Ибрагим», «Тлеген», «Ануар», «Қайрат», «Алишер», «Тұмар» жеке шаруа қожалық басшылары мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында мемлекет тарапынан субсидия алды.
«Шатан» ЖШҚ басшысы 18 млн тг «Погрузчик» техникасы алынды.
Ауылдың инженерлік инфрақұрылымын дамыту
«Қолма-қол бақылау» (КСН) шотында 2018 жылдың 1 қаңтарына 1 млн 377 мың теңге, 1 млн 253 мың теңге салықтан түскен қаражат. Бұқар жырау Бабамыздың 350-жылдық мерей тойына 191 мың 400 теңгеге ковралан және 192 мың 052 теңгеге УИЗБ алынды. Көше жарықтандыру бойынша ағымдағы жұмыстары 240 мың теңгеге жүргізілді. Көше жарықтандыру төлемін төлеу үшін 100 мың теңге төленді.
Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын  қардан тазарту жұмыстары атқарылып тұрды.
Су тасқынының алдын алу мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылып, су өтетін суағарлар, көшелер қардан тазартылды.
Көктемгі, айларында тазалық маусымы болып жарияланып, жеке кәсіпкерлермен келісіп, ауыл тұрғындарының көп жылдан жиналып қалған күл-қоқыстары ақылы түрде шығарылып, санитарлық тазалық жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілді.
2019 жылдың 1-ші жартыжылдығына мерзімді басылымдарға жазылу 109 пайызға орындалды..
Бөлінген бюджет қаражаты 100 пайыз игерілді.
            ҚР 2016-2019 жылдар аралығындағы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:
Ақөре орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында 48 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 25 бала. Сабақ екі аусымда өтеді.
130 тонна көмір бөлініп,қазіргі уақытта жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді. 
3,6,8 сынып оқушыларына жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқулықта таратылды. Оқушылар 100 пайыз оқулықтармен қамтылған.
Мектеп бойынша негізігі проблемалар:
- от жағу қазандығын тысқа шығару
- терезе, есіктерін ауыстыру
- электр жүйесін ретке келтіру
- шатырды жөндеу
- оқу кабинеттерінің жеткіліксіздігі және қажетті құралдармен жабдықталмаған
-  жылдамдығы жоғары интернет желісімен жабдықталмаған
ҚР 2016-2019 жылдар аралығында денсаулықты дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:
           Ауыл бойынша 1 медбике жұмыс атқарады. 2018 жылы 3 бала туды, қайтыс болғандар саны – 5 адам.
Мобильді қосымша «Дамумед» 55 адам тіркелді.
Жылжымалы флюроографиядан 180 адам өтті.
Мәдениет саласы
       Ауылда кітапхана, клуб жұмыс істейді.
Кітапханада кітап қоры 4614 кітапты құрайды, оның ішінде 2846 кітап қазақ тілінде. Жылдық оқырмандар саны – 345.
    Ауыл клубына Бұқар жырау аудандық мәдениет үйі арқылы 1 музыкальная аппаратура, 2 домбыра берілді. 
    Жыл бойы ауылда мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрды.
Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеруде алдағы тұрған міндеттер:
-Шаруа қожалықтарының пайдаланбайтын жерлерін тапсыру жұмыстарын жалғастыру.
- Пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жұмысын жалғастыру
- Ауылда мал шаруашылығын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу
- Жоғары интернет жүйесімен жабдықтау
- Су құбырын өткізу
- Ақөре ауылының 13 км жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу
- Ұялы байланыс орнату


Размещение информации: 05 Января 2019 14:17
Последнее редактирование информации: 05 Января 2019 14:17
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»