100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости района

ИНФОРМАЦИОННЫЙ ОТЧЕТ ПЕРЕД НАСЕЛЕНИЕМ О ПРОДЕЛАННОЙ РАБОТЕ, О ХОДЕ ИСПОЛНЕНИЯ ПРОГРАММЫ СОЦИАЛЬНО-ЭКОНОМИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ СЕЛА КАРАКУДУК ЗА І ПОЛУГОДИЕ 2019 ГОДА И ЗАДАЧАХ ПО ПОВЫШЕНИЮ БЛАГОСОСТОЯНИЯ ЛЮДЕЙ АКИМА ДЮСЕМБЕКОВОЙ О.Н.

Қарақұдық ауылын дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларын орындау

 

Шағын және орта бизнесті дамыту.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

Қарақұдық ауылында шағын және орта бизнесті дамыту  бойынша 3 дүкен жұмыс атқаруда. Әлеуметтік манызы бар өнімдердің  бағаларын көтермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Апта сайын аудандық кәсіпкерлік бөліміне мониторингтер жіберіліп тұрады.

Кәсіпкерлікті дамытудың бірінші бағыты бойынша, 2019 жылға техникалық және кәсіби (ТиПО) жоспар бойынша 2 адам, қысқа мерзімді курсқа 3 адам жіберілді.

Екінші бағыты жоспар бойынша: 20 млн көлемінде 5 адам шағын несие алып жеке кәсіптерін ашу, жеке кәсіпкерлікті ашу мақсатында 6 адам «Бастау Бизнес» курсына 3 адам қатысып, сертификат алды. Усенова Насипжан ЖК «Манас», Дюсенбекова Клара ЖК «Дюсенбекова», Қайырбекқызы Гаухар ЖК «Зере», Ерболатов Амангельды Канатович ЖК «Аманек».

 Үшінші бағыты жоспар бойынша 1 әлеуметтік жұмыс орнын ашу, «Жастар тәжірибесі» бойынша 1 азаматты 6 айға жұмысқа қабылдау, мемлекеттік қолдаусыз 57 жұмыссыз адамды жұмысқа орналастыру.

2019 жылдың І жартыжылдығында ауыл бойынша  47 адам жұмысқа орналастырылды.

Бірыңғай жиынтық төлемі бойынша барлығы 19 адам төлем жасады.

Соның ішінде наурыз айында – 2 адам, сәуір айында – 1 адам, мамыр айында – 16 адам.

Жастар тәжерибесі бойынша – Асқарова М.Т. 6 айға жұмысқа қабылданды.

 

Ауыл шаруашылығын дамыту.

Ауыл бойынша 1 ФҚ  55 жеке шаруа қожалықтары, 9 жеке кәсіпкерлер тұрақты түрде жұмыс атқаруда.

2019 жылдың 1 шілдесіне 2254 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 1014 бас тіркелген. Ұсақ мал саны 2278 бас. Жылқы саны 706 бас. 

 

 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Егістік және жайылым алқаптарды электронды базаға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні  жайылымдық жерлерді электронды картаға енгізу 85,3 пайызға енгізілді. «Жандос» ШҚ басшысы А.Нугумаров, «Алтын-Дала» ШҚ басшысы М.Арыстанбеков, «Елдос» ШҚ басшысы С.Сулейменов, «Аян» ШҚ басшысы С.Исабековтың егістік алқабы электронды базаға, қазіргі уақытта ауыл аумағында тұрмауына, құжаттарын тапсырып, ЭЦҚ ашпауына байланысты енгізілмеген. «Акбота» жеке шаруа қожалық басшысы құжаттарын жоғалтуына, ЭЦҚ ашпауына байланысты егістік алқабы электронды базаға енгізілмеген.

 Ауыл бойынша 11 шаруақожалық егін себу жұмыстарын жоспар бойынша аяқтады. Биылғы жылы ауыл бойынша 3354 га жерге егін себілді.   Мал басын асылдандыру мақсатында «Ақбұлақ» ШҚ 2 бас, «Стас» ШҚ 2 бас «Жаке» шаруақожалығынан, «Мақсат» ШҚ «Марат» шаруақожалығынан 4 бас асыл тұқымды бұқаларды жалға алды.

 

 

ҚР 2015-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Сәт көмір» тау-кен АҚ көмір өндіру жұмысын атқаруда.

 

ҚР 2017-2021 жылдар аралығындағы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Дастан» ШҚ басшысы Сарсекеев Алтынқұс Беларус - 952,2 тракторын – 7 860 000 млн. тг, малшы тұратын вагончикті – 2 500 000 млн.тг сатып алды.

Көктемгі егіс себу жұмыстыран жүргізуге «Ерғали» ШҚ басшысы Макенов Самат Нургалиевич 19 млн.тг. КазАгро арқылы Агратор 7300 пневматикалық егін кешенің сатып алды. Алдағы уақытта егін себу алқабын ұлғайтуды көздеуде. 

Ауыл бойынша 5 шаруақожалық «Ақбұлақ» ШҚ «Ақмаржан» ШҚ «Жарас» ШҚ «Алихан» ШҚ «Акежан» ШҚ күн батареясын – 3 100 000 млн тг сатып алды.

2019 жылдың жоспарына сай ауыл шаруашылық техникасын алынып, инвестиция толықтай орындалды.

Жоспар бойынша 200 млн.тг. көлемінде несие алу, оның ішінде «АШҚҚҚ» АҚ 100 млн.тг, «АКК» АҚ 100 млн. тг.

 

Ауылдың инженерлік инфрақұрылымын дамыту

Коммуналдық қызмет саласында жыл бойы су құбырлары тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.

Ғ.Мұстафин, Ж.Ташенов, А.Жұматаев, А.Қыздарбеков көшелері толық жарықтандырылып, 40 жарық нүктесі қойылған.

 «Қолма-қол бақылау» (КСН) шотына 2019 жыл бойы салықтардан    1 194 000 теңге қаражат түседі деп жоспарлануда. Салықтардан түскен қаражаттың 1 000 000 тенгесіне Амангелді орта мектебінде санузел, 508 000 тенге ауылды абаттандыру жұмыстарына, 60 000 теңгеге баннерлер дайындау жоспарлануда.

 

Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын «Чубаев» жеке кәсіпкері арқылы қардан тазарту жұмыстары атқарылды.

Су тасқынының алдын алу мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылып, су өтетін суағарлар, көшелерді қардан тазарту жоспарлануда.

Төтенше жағдайдың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында КСН шотынан 10 көп балалы аналар, тыл ардагерінің үйіне газоанализатор қойылды, 3 отбасы өз қаражатына сатып қойды.

 

Санитарлық тазалау бойынша

Сәуір айынын 1 жұлдызынан бастап 2 айлық сенбілік жарияланып, ауыл ішін күл – қоқыстардан тазалау үшін 2 техника (1 фронтальный погрузчик, 1 Шахман ауыр жүк көлігі 25 тонналық ) жұмылдырылды. Ауыл тұрғындарымен санитарлық тазалау, абаттандыру  бойынша 165 келісім – шарт жасалды.    Ауыл тұрғындары өз қаражатына үйлерінің айналасын қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартуда. Бүгінгі күні ауыл ішінен 2545 тн қатты - тұрмыстық қалдық шығарылды.     

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында бөлінген бюджет қаражаты 100 пайыз игерілді.

 

ҚР 2016-2019 жылдар аралығындағы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Амангелді орта мектебі бойынша 2018-2019 оқу жылында 104 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 14 бала. Сабақ екі аусымда өтеді. Мектепте 22 мұғалім еңбек етеді. 17 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім орта арнаулы білімді.

Мектеп жанында шағын орталық 1 топта жұмыс атқарады - 23 бала тәрбиеленіп отыр. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі 100 пайызға қамтылған.

1-ші қыркүйектен бастап Доскей саз мектебі арқылы домбыра сыныбы жұмыс істейді.  1 мұғалім 9 балаға дәріс беруде.

Қазіргі уақытта жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді.

 

ҚР 2016-2019 жылдар аралығында денсаулықты дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Ауыл бойынша фельдшерлік-акушерлік бөлім жұмыс атқарады.

Мобильді қосымша «Дамумед» 641 адам тіркелді.

Ауылда кітапхана, клуб жұмыс істейді.

 

Әлеуметтік қорғау

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

Ауылда 722 адам тұрады, оның ішінде жастар саны- 229, экономикалық белсенді халық саны - 413 құрайды, жұмыспен қамтылғандар 328 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 61 адам, жұмыссыз 1 адам тіркелген. Ауыл бойынша зейнеткерлер саны – 66 адам,  мүгедектер саны - 35, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер - 9 адам, 2 топтағы мүгедектер - 16 адам, 3 топтағы мүгедектер - 10, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны - 4 адам. Жеке көмекшілер - 7 адам.

Әлеуметтік көмек

2019 жылдың 1 шілдесіне 3 отбасына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындалды. Жалпы сомасы 151 559 тг.

"Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл" бағдарламасы бойынша

Жұмыс екі бағыт бойынша жүзеге асырылады: діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуын болдырмау: теологтармен кездесулерге қатысты, сонымен қатар округ тұрғындарымен 6 кездесу өткізілді, жалпы 197 адам қамтылды, ҚР Президентінің жолдауын түсіндіру бойынша 249 адам қамтылды.

 

 

Қарақұдық ауылының әкімі                                                                                                         О. Дюсембекова

 

 

Уважаемые жители! Просим вас активно оставлять свои отзывы, комментарии и предложения по улучшению жизнеобеспечения населения.

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»