100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау

Зейнетақыға шығып, құжаттарды рәсімдеуді неден бастайтынын білмейсіз бе?
Ата-анаңыз зейнетақыны рәсімдеуге көмек көрсетуіңізді сұрады ма? Біз сізге «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметін алу туралы айтамыз.
Қазақстан тұрғындарында зейнетақыны ЗТМО, Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкімет» порталы арқылы рәсімдеуге мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы рәсімдеу кезінде нысан бойынша өтініш; жеке басын куәландыратын құжатын, сонымен қатар оралмандар үшін-оралмандардың куәлігін; қызметалушының тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын;зейнетақы және жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым бөлімшесінің банк шотының не түзеу мекемелерінің арнайы шот нөмірі туралы мәліметтер; қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалған жағдайда қорғаншылықты (қамқоршылық) тағайындауды растайтын құжат ұсынылады; сенімхат-үшінші тұлғамен өтінішті және қажетті құжаттарды тапсыру жағдайда. Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттар түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Портал арқылы рәсімдеу кезінде: қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.
Құжаттарды ХҚКО арқылы тапсыру кезінде мемлекеттік қызмет 10 жұмыс күн ішінде көрсетіледі, портал арқылы – ЗТМО ақпараттық жүйесіне электрондық сұраныстың түсу сәтінен бастап 30 минуттен аспайды. Алайда, мемлекеттік қызмет мерзімі істің материалдарын толық рәсімдеу қажеттілігі жағдайда ұзартылуы мүмкін.
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметі тегін көрсетіледі. Тұрғындар құжаттарды ХҚКО арқылы дүйсенбіден бастап сенбіні қоса үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін тапсыра алады. Қызмет алушының қалауымен электрондық кезекті «броньдау» мүмкін. Зейнетақыны «электрондық үкімет» порталы арқылы тәулік бойы ресімдеуге болады.

«ХҚКО» РМК
Қарағанда облысы бойынша филиалының
Бұқар жырау ауданындағы №1 бөлімі
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»