100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі

      1. «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал);
      2) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
       Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі.                                                                                                                     ХҚО-ға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқа ұсынылады);
      жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі;
      жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнының актісі;
      елді мекен шегінде нысаналы мақсатты өзгертуге сұрау салынған жағдайда жобалауға, салуға және/немесе бар ғимаратты реконструкциялауға сәулет және қала құрылысы саласында функцияларды жүзеге асыратын органмен келісімнің көшірмесі;
      елді мекеннің бас жоспарында көзделген объектілерді салған жағдайда, жер учаскесіндегі жылжымайтын мүліктердің әр бұрынғы меншік иесімен жер учаскелерін сатып алу туралы жасалған шарттың көшірмесі;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат не көрсетілетін қызметті алушыдан нотариалдық куәландырған сенімхат және сенім білдірілген адамның жеке басын куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін;
      заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат – заңды тұлға үшін;
      жерге орналастыру жобасының көшірмесі (жер учаскесі бөлігінің немесе үлесінің нысаналы мақсаты өзгертілген жағдайда).
      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтаманы және оның техникалық сипаттамаларын, жер учаскесінде жылжымайтын мүлік объектісі бар болған жағдайда, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды, әділет органдарынан жер учаскесіне ауыртпалықтардың жоқтығы, жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар туралы анықтаманы көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттар нысанында алады.
                                                                                                                                                                                                             
                                                                                 

«ХҚКО» РМК

Қарағанды облысы бойынша  

филиалының Бұқар жырау ауданындағы    

№1 бөлімінің инспекторы  

С. З. Абзалова


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»