100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидалары.

ҚР спорт және мәдениет министрлігі бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезінде Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын басшылыққа алу керек. Жоғарыда көрсетілген қағидаларға 2014 жылғы 29 шілдедегі  №300 бұйрығына  сәйкес спорт түрлері бойынша аккредителген республикалық және өңірлік спорт федерациясынан құжаттарды қатаң түрде қабылдау қажет.
Спорттық атақтар, разрядтар және біліктлік санаттарын беру қағидаларында көрсетілген тізімге сәйкес қабылдайды.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚКО ЫАЖ бағдарламалық қамтымында осы мемлекеттік қызмет түрін орындайтын уәкілетті органды дұрыс таңдау қажет.
1. ҚР спорт және мәдениет министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері бойынша комитеті (ХҚКО ЫАЖ коды – F-04).
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері;
- ҚР халықаралық дәрежедегі спаорт шебері, ҚР спорт шебері;
- Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, Біліктілігі орта дейгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы;
Біліктілігі  жоғары деңгейдегі жоғары санатты әдіскер, Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты әдіскер;
- Біліктілігі жоғары дейгейдегі жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
- Ұлттық спорт төрешісі, жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі;
2. Қарағанды облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы (ХҚКО ЫАЖ коды – А-23-01).
- спорт шеберлігіне үміткер;
- 1-разрядты спортшы;
- Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы;
  біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы;
- біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер;
- Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы;
- Бірінші санатты спорт төреші;
3. Дене шынықтыру және спорт бөлімі (қалалар мен аудандар), (ХҚКО ЫАЖ коды – А-23-02).
- 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разряд спортшы, 2-жасөспірімдік разряд спортшы, 3-жасөспірімдік разряд спортшы;
- Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы;
- біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегіекінші санатты әдіскер;
- Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы;
- Бірінші санатты спорт төреші.  

 

«ХҚКО» РМК
Қарағанды облысы бойынша 
филиалының Бұқар жырау ауданындағы                                     
№1 бөлімінің инспекторы Н.С. Шаймерденова


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»