100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күннен аспайды;.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі негізгі орта білім туралы куәліктің телнұсқасын, жалпы орта білім туралы аттестат телнұсқасын беру болып табылады.
ХҚКО: дүйсенбі – сенбі аралығында белгіленген кестеге сәйкес үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейін.
  Көрсетілетін қызметті алушы ниет білдірген жағдайда «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды кезекті «брондау» мүмкіндігі бар.
  Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесімен бірге туу туралы куәліктің көшірмесі (2008 жылға дейін туылған жағдайда) немесе көрсетілетін қызметті алушының жеке куәлігінің (паспортының) көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
       2) құжатты жоғалтқан азаматтың немесе кәмелет жасқа толмаған баланың ата-анасының (заңды өкілінің) білім беру ұйымының жетекшісіне оның жоғалуының жай-күйі баяндалған еркін нысандағы өтініші;
       3) құжаттың нөмірі және берілген күні көрсетілген құжаттың жоғалғаны жөніндегі жарияланған мерзімінен 10 күн өтпеген мерзімді баспасөз басылымынан үзінді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша барлық сұрақтарыңызды мына телефон нөмерлері: 8(72154)2-23-70 арқылы біле аласыздар, барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

Халықка қызмет көрсету орталығы
РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының
Бұқар жырау ауданындағы №1 бөлімі
инспекторы  М.В.Меркель
 


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»