100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Есеп беру

Ростов ауылдық округінің әкімі 2014 жылға және алдағы кезеңге қойылған тапсырмалары туралы есебі
     2014жылдың 11 қарашасында  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына - "Нұрлы жол –болашаққа бастар жол" атты Жолдауын жолдады. Елбасының айтуынша 2015 жылғы халыққа жолдауы контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады.
Бұл Жолдауда ҚР Президенті еліміздің экономикасын дамытудың жеті қадамын атап көрсетті:
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Екінші. Индустриялық инфрақұрылымдарды дамыту.
Үшінші. Энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту.
Төртінші. ТКШ мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту.
Бесінші. Тұрғын үй инфрақұрылымдарын нығайту.
Алтыншы. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту.
Жетінші. Шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмысты жалғастыру қажет.
   Ростов ауылдық округінде 3275 адам өмір сүреді, оның ішінде 1954 еңбекке жарамды, тұрақты жұмысы барлар  - 1389 адам, өзін – өзі жұмыспен қамтушы – 486 адам және жұмыссыздар саны 79 адам.
31.12.2014 жылы мемлекеттік балалар жәрдемақысын 38 отбасы,онда 196 адам және 31.12.2013 жылмен салыстырғанда 4 отбасыға азайған.
Ресми жұмыссыздық деңгейі 4,0 %.  2013 қоғамдық жұмыстарға 12 адам тартылды.
Киров атындағы ӨК уақытша жұмыстарға және басқа да ұйымдарға 50 аса адамдар жұмысқа тұрғызылды.
Ауылдық округ аумағында келесі әлеуметтік – мәдени нысандар орналасқан:
-Ростов орта мектебі
-147 балаға арналған кіші – орталық  және 75 орынға мептепішілік интернат
-Киров орта мектебі
-Красная Нива негізгі мектебі
- Сиымдылығы 180 кісіге арналған мәдениет үйі
-Дәрігерлік амбулатория
-Агротехникалық колледж
     Барлық нысандар 2014-2015 ж. от жағу мерзіміне  100% дайын және қазіргі таңда жылыту жүйелері іске қосылған.
Барлық мектептерде ғаламтор желісі қосылған. Мектепке дейінгі қамту 98% құрайды. 
01.01.2015 жылдағы жағдай бойынша тіркелген кіші кәсіпкерлік субъектісі (ККС) саны – 46 құрайды, 2013 жылмен салыстырғанда 121%. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінде  жұмыспен қамтылу деңгейі  2014 жылда 116 адамды құрайды 2013 жылмен салыстырғанда немесе 103%.
  Кіші кәсіпкерлікте жұмыс істейтірден саны экономикалық белсенді тұрғындардың 5,9% құрайды.
2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» Бағдарламасының екінші бағыты бойынша Отарбай Кенесхан 3 млн.тенге – жемдеу алаңын ашу үшін; Сиыршыбай Тилеубай 1,5 млн. тенге – ТҚКС (техникалық қызмет көрсету орталығы)ашу үшін;Шнайдер Светлана  640 мың тенге құс шаруашылығын өсіруге.
Ауылдық округтің экономикасын Киров ат. ӨК және Салық комитетінде  тіркелген 8 шаруа қожалықтары құрайды
  Ауыл шаруашылығындағы барлық жерлер көзделген мақсаттар бойынша пайдаланылады, бос тұрған жерлер жоқ.   
Коммуналдық қызметке төлеу құны 95% құрады. Жеке тұлғалардың мүлікке және жерге төлейтін салығы 100% жиналған.
        Қазақстан Республикасының 23.01.2001 жылғы «Қазақстан Республикасында жергілікті өзін - өзі басқару туралы» Заңының 3 бабы 3 пунктімен қарастырылған жергілікті өзін – өзі басқару қазынашылық органдарында бақылау счеттары ашылған.
       Әкім аппаратымен үнемі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізу.
         Азаматтардың үндеулерін қарастыру өз деңгейінде. Үндеулер белгіленген мерзімде қарастырылады.
        2011-2015 ж. арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс – шаралар Жоспары құрылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу бойынша ай сайын округ әкімінің қатысуымен аппараттық кеңестер өткізу. Есеп беру кезінде аппарат қызметкерлері жағынан сыбайлас жемқорлық болған жоқ.
Ростов ауылдық округі аумағында әлеуметтік маңызы бар азық – түліктен әлеуметтік бұрыш құрылған 18 азық – түлік дүкені жұмыс жасайды. Ростовта – 12, Қызыл жарда – 4, Красная нивада – 2. Әлеуметтік бұрыштарда бірінші қажетті азық – түліктер бар. Әлеуметтік маңызы бар азық – түліктің бағасын тұрақты ұстау және азық – түліктерге көтерме бағасына 10%, нанға 2 теңге қосып сату үшін 2014 жылдың желтоқсан айында округтің кәсіпкерлерімен келісім – шарт жасалды.
Апта сайын 33 жуық негізгі азық – түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп отырылады.
Ростов ауылдық округінің 2014-2018 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспары өзгертілді және толықтырылды.
Ауылдық округтің денсаулық сақтау саласын заман талабына сай кешенді медициналық жабдықтармен жабдықталған ауылдық амбулатория атқарады, онда тұрғындарға медициналық көмек көрсетіледі және жеңілдік тізімімен дәрілер беріледі. Арнайы жабдықталған 1 көлік және телефон желісі бар. Қызыл Жарда  ФАП және Красная Нива бөлімшесінде ФП жұмыс жасайды. Флюорографиялық тексеруден тұрғындардың -98% өтті.
Мемлекеттік өнер және мәдениет нысандарына кіреді:  1Мәденит Үйі, 3кітапхана. Ростов ауылындағы кітапхана ғаламтор желісіне қосылған және электрондық поштасы бар.
Жыл бойы барлық мерекелік іс – шаралар өткізіліп келеді. Наурыз мерекесі қарсаңында нарық бағасынан төмендетілген бағамен ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, сондай – ақ жәрмеңкеге келушілерге «наурыз көже», ыстық бауырсақ пен шәй ұсынылды.
20.03.2014 жылы ауыл жастары арасында қазақтың ұлттық жарысы «Тай жарыс» және «Қазақша күрес» өткізілді. 9-мамыр Жеңіс Күні мектептердің мұғалімдері мен оқушыларынан және ауыл жастарынан құралған төрт команда қатысқан кросс және футболдан сайыстар өткізілді. Демеуші «Киров атындағы ӨК»   ЖШС болды.
1 маусым Балаларды қорғау Күні мәдениет үйінің алдында мерекелік концерт және спорттық ойындар өткізілді. Жергілікті демеушілердің қолдауымен балаларға тәттілер таратылды.
1 қазан Қарттар Күніне арналып мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Жасы ұлғайған қарттарға «RenMilk» ЖШС демеушілігімен азық – түлік жиынтықтары берілді және мерекелік бағдарламаға келген барлық қарттарға арналып «Киров атындағы ӨК» ЖШС қолдауымен кең дастархан жайылды.
Қазақстан халықтарының бірлігі Күні мен Тұңғыш Президент Күні,  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні және Жаңа жылдық шырша күндері де «Киров атындағы ӨК» ЖШС демеушілігімен салтанатты және мерекелік іс – шаралар өткізілді.
Бағдарламаларды іс асыру үшін келесі іс – шаралар жоспары құрылған: «Өнімділік 2020», «Ростов ауылдық округінде 2011-2020 жылдарда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту», «Аймақтарды дамыту», «ҚР Президентінің 11.11.2014 жылғы Жолдауының бағыттары бойынша».
Еңбек нарығының көрсеткіші құрылды – бұл  «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» Бағдарламасын іске асыру арқылы өзін - өзі жұмыспен қамтушы және жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту  туралы ақпарат.
2014 жылдың көктем және күз айларында 1800 тонна көң, күл мен қоқыс шығарылды, сондай – ақ тұрғындардың ауласынан қоқыстарды шығару үшін көлік бөлінді. Екі айлыққа қатысқан ұжымрад саны 82, ондағы қатысушылар  саны 2148адам.
2014 жылдың қыс айларында Ростов және Красная Нива ауылдарының көшелерінің қарын тазалау «Киров атындағы Өндірістік Кооператив» ЖШС-мен, Қызыл Жар ауылын қардан тазартуға «Дарежан –С» ШҚ-мен жасалған келісім – шартқа сәйкес жүргізілді және желтоқсан айына 150 мың теңге, қаңтар – ақпан айларына 1 млн. 294мың теңге бөлінген.
Мал саны: Ірі қар – 1513 бас, ұсақ мал – 1513 бас, жылқылар – 200 бас, шошқа – 207 бас, құстар – 3248басты құрайды. Мал ұстайтындар 844 тен 451 құрайды.  2014 жылы «Бидай» Шаруа қожалығы 52 бас Симменталды тұқымдас тұқымды бұқаларын сатып алды.
Көктемгі қан алу кезінде Красная нива ауылынан 3 бас ІҚМ бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталды.
Күзгі қан алу кезінде:
- 2014 жылдың 04 – 05 қыркүйегінде 205 бас малдың 34 бруцеллез болып шықты.
-  21.09.2014 жылы 159 бастан қан алынып, оның 29 бруцеллезді көрсетті.
26.09.2014 жылы  Астана қ. «Ветеринария бойынша ұлттық орталығына» 4 бас сиырдан патологиялық материал және 2 түск түлегі тексеруге жіберілді және барлығы бруцеллезді шығарды.
2014 жылдың 22 қазанында Бұқар жырау ауданы әкімдігінің №40/01 Қаулысымен Красная Нива ауылына тиым салу шаралары қабылданды.
19.10.2014 жылы 26 бас ІҚМ Астана қ. «НРЦВ» 30.09.2014 жылғы №212/2  сынау хаттамасы бойынша бруцеллез болып шыққан және олар Киевка к. сою алаңына өткізілді.
27.10.2014 жылы 24 бас және 10.11.2014 жылы 15 бас ІҚМ Киевка к. сою алаңына өткізілді.
Ағымдағы жылдың 03 және 04 қараша күндері Красная Нива ауылының 46 үй ауласын тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Бұқар жырау ауданының ветеринария станциясы» КММ  «Бадейжан» ЖК келісім шарт жасады, келісім шартқа сәйкес  2014жылдың 03-нен 07 желтоқсаны аралығында   3000 тонна биоотхоттар шығарылды, қалған 1440 тонна  2015 жылдың көктем айларында шығарылатын болады.
Жоспарлы шаралар өткізу кезінде:
- 2014 жылдың 21 қарашасында 338 басмалдан қан алынып, оның 31 бруцеллез анықталды және олар 01.12.2014 жылы Киевка к. сою алаңына тапсырылды.
- 2014 жылдың 21 желтоқсанында 291 бас малдан қан алынды және 12 бруцеллез ауруы анықталды.
-    Красная Нива ауылының тұрғындарына     2 миллион 629 мың 50 теңге көлемінде өтемақы төленді және қалған өтемақы уақытылы төленетін болады.
Қарізгі таңда Красная Нива ауылында тиым салу шаралары жалғасып келеді.    

«Аймақтарды дамыту» Бағдарламасы бойынша:
-жартылай Красная нива, Қызыл жар және Ростов ауылдарына көше шамдары орнатылды.
-2014 жылы Ростов ауылының Школьная, Колхозная, Караузекская, Советская, Корниенко, Нуринская көшелерін жарықтандыру үшін республикалық бюджеттен 2 млн. теңге қаржы бөлінген.
-Жергілікті бюджеттен Қызыл жар ауылының Огородная және Озерная көшелерінің жарықтарын қалпына келтіру үшін 785 мың теңгеге және Красная Нива ауылының Центральная к. 348 мың теңгеге монтаждау жұмыстары жүргізілді; 
-Ростов ауылдық округі бойынша көше шамдарының ағымдағы жылғы жөндөу жұмыстары 800 мың теңге құрады.
Ростов а. жазғы суғару жолының техникалық құжаттамларын әзірлеу және эксперттік қорытынды жасалуға барлығы 163 мың теңге жұмсалды.

2014 жылы келесі нысандар иесіз деп саналып тізімге алынды:
- Красная нива а. «Арытыколь» көлі.
2014 жылдың қараша айында келесі иесіз нысандардың барлық құжаттары жиналып Бұқар жырау ауданының сотына тапсырылды:
- Қызыл жар ауылындағы спортзал
- Красная нива а. су өткізу жүйесі
- Красная нива а. су құбыры
«Киров ат. ӨК» ЖШС Красная нива және Ростов ауылының ішкі жолдарын қысқы мерзімде қардан тазартуға, сондай – ақ  Қызыл жар ауылын «Дарежан - С» шаруа қожалығының басшысымен қардан тазарту үшін  Келісім шарт жасалды. Қызыл жар және Красная нива ауылдарының арасындағы (16 км) жолды қардан тазартуға «Дарежан -С»ШҚ басшысы С.К. Қалдыбаевпен «Автокөлік жолары және ТҮКШ бөлімі» арасында келісім жасалды.
Оркугтің қылмыстық деңгейі қанағаттандырарлық деп есептеледі.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» Бағдарламасының 2бағыты бойынша – Ростов ауылы тірек пункті болып табылады.
2015 жылы Ростов орта мектебіне 58 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. «Аймақтарды дамыту» Бағдарламасы бойынша 3 млн. 85 мың теңгеге көше шамдарын орнату жоспарлануда, соның ішінде Ростов 1 млн 955 мың теңге, Қызыл жар 791 мың теңге және Красная нива 339 мың теңге.
Көктемгі қан алу кезінде Красная нива ауылынан 3 бас ІҚМ бруцеллез ауруына шалдыққаны анықталды.
Күзгі қан алу кезінде:
- 2014 жылдың 04 – 05 қыркүйегінде 205 бас малдың 34 бруцеллез болып шықты.
-  21.09.2014 жылы 159 бастан қан алынып, оның 29 бруцеллезді көрсетті.
26.09.2014 жылы  Астана қ. «Ветеринария бойынша ұлттық орталығына» 4 бас сиырдан патологиялық материал және 2 түск түлегі тексеруге жіберілді және барлығы бруцеллезді шығарды.

2014 жылдың 22 қазанында Бұқар жырау ауданы әкімдігінің №40/01 Қаулысымен Красная Нива ауылына тиым салу шаралары қабылданды.
19.10.2014 жылы 26 бас ІҚМ Астана қ. «НРЦВ» 30.09.2014 жылғы №212/2  сынау хаттамасы бойынша бруцеллез болып шыққан және олар Киевка к. сою алаңына өткізілді.
27.10.2014 жылы 24 бас және 10.11.2014 жылы 15 бас ІҚМ Киевка к. сою алаңына өткізілді.
Ағымдағы жылдың 03 және 04 қараша күндері Красная Нива ауылының 46 үй ауласын тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Бұқар жырау ауданының ветеринария станциясы» КММ  «Бадейжан» ЖК келісім шарт жасады, келісім шартқа сәйкес  2014жылдың 03-нен 07 желтоқсаны аралығында   3000 тонна биоотхоттар шығарылды, қалған 1440 тонна  2015 жылдың көктем айларында шығарылатын болады.
Жоспарлы шаралар өткізу кезінде:
- 2014 жылдың 21 қарашасында 338 басмалдан қан алынып, оның 31 бруцеллез анықталды және олар 01.12.2014 жылы Киевка к. сою алаңына тапсырылды.
- 2014 жылдың 21 желтоқсанында 291 бас малдан қан алынды және 12 бруцеллез ауруы анықталды.
-    Красная Нива ауылының тұрғындарына     2 миллион 629 мың 50 теңге көлемінде өтемақы төленді.
Қарізгі таңда Красная Нива ауылында тиым салу шаралары жалғасып келеді.    
2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда.


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»