100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жеке және заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтер

  • Мақалалар
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының қажеттілігі, мақсаты мен міндеті
  • САПАНЫҢ КЕПІЛІ - БАҚЫЛАУДА
  • Бұқар жырау ауданының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша паспортары
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлері
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер – өмір жолындағы маңызды тетіктердің бірі
  • Инфорграфика
  • Бейнероликтер
  • Қазақстандықтар жеке мәліметтеріне қолжетімділікке тыйым сала алады
  • ХАЛҚЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – БІЛІМНЕН ЕМЕС МІНЕЗДЕН
  • «АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» 8 МЛН. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРМАҚ
  • Мемлекеттік қызметтердің стандарттары және регламенттері
  • Мемлекеттік қызметтің сапасы – басты мәселе
  • АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК – ҚЫЗМЕТ САПАСЫНЫҢ КЕПІЛІ
  • НЕКЕНІҢ БҰЗЫЛМАҒАНДЫҒЫ – САЛТТЫҢ САҚТАЛҒАНДЫҒЫНДА
  • Мемлекеттік мекемелердің қызметін тексеру қорытындылары туралы актілер
  • Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы –қызмет берушілердің жұмысын бағалаудың басты өлшемі
  • Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу рәсіміжеңілдетіледі
  • ХҚКО арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы ақпарат

  • 29 Шілде 2019 15:42
    МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ӘРДАЙЫМ СІЗБЕН БІРГЕ

    Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап-ақ өмірінің алғашқы күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен тағдыры тоғысады екен ғой.
    Бұлай дейтін себебіміз, сәби дүниеге келгеннен-ақ
    ата-анасы бала тууды тіркеу, бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарына балаларды кезекке қою деген сияқты алуан түрлі мемлекеттік қызмет түрлерін алып, тиісті құжаттарын ресімдейді.
    Бүгінгі таңда «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Мемлекет-азаматтарға» қағидаты негізінде, яғни азамат емес, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктерін алдын-ала түсініп, мекемелерге олардың баруының қажеттілігінсіз мемлекеттік қызметтер көрсету үшін олармен байланысатын, басқарудың жаңа моделі іске асырылуда.
    Себебі, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағытының бірі – «Цифрлық мемлекетке көшу», яғни тұрғындардың қажеттіліктерін күні бұрын біліп халыққа қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын түрлендіру болып табылады.
    Бұл ретте, кез келген уақытта, кез келген орында және кез келген құрылғыда (байланыс орталығы, веб-портал, зияткерлік мессенджерлер, мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар) ақпарат пен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай қызмет көрсету моделін іске асыру үшін шашыраңқы ақпараттық жүйелер мен арналарды біріктіру жүргізілуде.
    Бұған жарқын мысал ретінде, қызмет алушының тікелей мемлекеттік мекемелерге баруынсыз, қатысуынсыз көрсетілетін «Бала туу» проактивті қызметін айтпасқа болмайды.
    Бұл проактивті қызмет арқылы ата-ана жаңа туған нәрестеге ат бере алады, туу туралы куәлікке өтінім бере алады, балабақшаға кезекке қоя алады, біржолғы төлем сомасын біле алады, тұрғылықты жері бойынша тіркей алады.
    Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында мемлекеттік қызметшілердің тұрғындармен тікелей қарым-қатынасын азайтуға қол жеткізу және 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілу қажеттігі тапсырылған.
    Межелеп қойған мақсатқа жету жолында мемлекеттік органдар тарапынан бірқатар жедел шаралар қабылдануда.
    Атап айтсақ, оның бір мысалы қолданысқа енген композиттік қызметтер, яғни бір өтініш негізінде электрондық нысанда көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығы.
    Қазіргі уақытта осындай нысанда оннан астам композиттік қызметтер тұрғындарға қолжетімді.
    Бұған қоса, Telegram мессенджері түрлі онлайн-қызметтерді алу үшін ыңғайлы арнаға айналды.
    2018 жылғы мамыр айында @EgovKzBot – электрондық үкімет порталы боты іске қосылды. Бүгінгі күні бот арқылы мекенжай анықтамасы, соттылықтың болуы немесе болмауы туралы, жылжымайтын мүліктің болуы немесе болмауы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы, наркологиялық, психоневрологиялық, туберкулез диспансерінен анықтамалар алу сияқты тағы да басқа отызға жуық қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігі бар.
    Қазіргі цифрлық даму ғасырында аққан жұлдыздай сырғып бара жатқан адамзаттың ең басты құнды валютасы болып уақыт саналады.
    Осындай жеделдік пен шапшаңдықты талап ететін дәуірде, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» деген халық даналығын ескере отырып, көштен қалмай үрдіске ілескен жөн демекпіз.
    Сондықтан да, «Өзіңнен баста» ұстанымын негізге ала отырып, өзіңіздің алтын уақыттарыңызды үнемдеу мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мейлінше «электрондық үкімет порталы», мобильді қосымшалар және  мессенджерлер арқылы алуға шақырамыз.

    Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
    Қарағанды облысы бойынша департаментінің
    бас маманы
    ЖАНСЕРІК  БҰРХАНҰЛЫ ЖҮНІС
     
    Просмотреть комментарии

    Комментарии (0):

    Комменатриев нет.

    Добавить комментарий

    Вернуться назад

    © 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
    Яндекс.Метрика
    Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»