100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Бұқар жырау ауданы әкімдігінің

2013 ж. 25 ақпан
№ 05/06 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

 

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
  3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының өкілдерімен және шешімдерімен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хана 39.
  10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  11. Осы Ереже «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
  12. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
  13. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі миссиясы: аудан әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету.
  3. Мақсаттары:

1) аудан әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық деңгейін арттыру;

2) мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау және көтерме ақы төлеу механизмдерін жетілдіру;

3) қызметкерлерді жаңа компьютерлермен және қажет техникалармен жабдықтау;

4) кіріс және шығыс құжаттамаларын даму механизімін жетілдіру;

5) бұқаралық ақпарат құралдарында баяндамалардың және құқықтық түсіндіру шараларының сапасын арттыру;

6) мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

  1. Функциялары:

1) аудан әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38 бабының 1 тармағы, 1 баптың 2 тармақшасы);

2) аудан бюджетiнiң атқарылуы туралы жылдық есептi тиiстi мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етедi (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағының, 1-2 тармақшалары);

3) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және ауданды дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағының, 1-8 тармақшалары);

4) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағының, 3 тармақшасы);

5) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының, 1 тармағының, 4 тармақшасы);

6) жоғары тұрған атқарушы органның берген өкілеттігіне сәйкес республикалық бағыныстағы кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер қызметін үйлестіреді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, республикалық бағыныстағы аумақтық органдардың қызметтерінің өзара әрекеттестігін және үйлестіруді қамтамасыз етеді (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

7) Қарағанды облысы әкімінің аппаратымен, мемлекеттік мекемелермен, ведомствалармен, кенттер және селолық округтердің әкімдері аппараттарымен, аудандық мәслихатпен, қоғамдық ұйымдармен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

8) заң шығарушы және басқа да нормативтік құқықтық актілердің, аудан әкімі мен әкімдігінің, аудандық мәслихаттың актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізеді (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

9) аудан әкімі және оның орынбасарларының қызметінің құжаттамалық қамтамасыз етілуін, қызметтік құжаттардың, хаттардың азаматтардың өтініштері мен шағымдарының қаралуын, азаматтардың жеке қабылдауын, азаматтардан келіп түскен хаттары мен өтініштерінің, құжат айналымы, іc жүргізуді қалыпқа келтіруді және жетілдіруді, құпия құжаттармен жұмыс істеуді, мемлекеттік және орыс тілдерінде ic жүргізудің icкe асырылуын ұйымдастырады (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

10) жергілікті атқарушы билік органдарында кадр саясатын аудан әкімінің номенклатурасына енетін кадрлар бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу, кадрлар резервін қалыптастыру, олардың оқуын, тәжірибеден және қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырады (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

11) аудан әкімдігі, аудан әкімінің және оның орынбасарларының

күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, олармен өзара әрекеттесуді, Республика Президенті және Үкіметі
жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және
әлеуметтік ахуалды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

12) аудан әкімі және әкімдігінің құқық қорғау органдарымен және

сот жүйесі органдарымен аудандағы заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту сұрақтары бойынша үйлестіруді және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

13) аудан әкімі және әкімдігінің норма шығармашылығы қызметінің механизмін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі);

14) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу (мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру, мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің регламенттеу қызметі бойынша Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігінің әдістемелік ұсынымы);

15) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу (мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру, мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің регламенттеу қызметі бойынша Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігінің әдістемелік ұсынымы);

16) көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг және бағалау болып табылады (мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру, мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінің регламенттеу қызметі бойынша Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда Министрлігінің әдістемелік ұсынымы);

17) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру (аудан әкімдігінің 2011 жылдың 10 қаңтарындағы № 01/02 қаулысымен бекітілген «Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының 4 бөлімі).

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Құқықтары:

1) аудан әкімі және әкімдігінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар және басқа да материалдар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсіндірмелерді сұрастыру және алу;

2) ауданның атқарушы органдарының иелігіндегі барлық ақпараттық, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалануға;

3) Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, Премьер-Министр өкімдерінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін аудан әкімі мен әкімдігінің актілерін, облыс әкімі мен оның орынбасарларынің тапсырмаларын, аудан әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуына тексеріс жүргізу және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу;

4) «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарауына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

5) «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді шешу, аудан әкімінің және орынбасарларының тапсырмалары бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың апқа тарту туралы ұсыныстар енгізу.

Міндеттері:

1) аудан әкімдігінің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүзге асыру;

2) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекетттік қызмет көрсету спасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерін жүзеге асырады.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы (аудан әкімі ) жүзеге асырады.
  3. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымға Қазақстан Республикасының Президентімен анықталған тәртіп бойынша тағайындалады немесе сайланады.
  4. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  5. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;

2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;

3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;

4) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;

5) мынадай лауазымды адамдарды:

жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан әкiмiнiң орынбасарларын;

әкім аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

8) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

10) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;

11) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

12) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

13) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;

14) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңға сәйкес оның міндетін тұлғамен іске асырылады.

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өзінің орынбасарларының міндеттерін қолданыстағы заңға сәйкес өкілеттіктерін анықтайды.
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Бұқар жырау ауданы әкімі аппарат басшысымен басқарылады, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органның жұмыс тәртібі
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен регламенттенеді.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  2. «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстваларының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

  1. «Бұқар жырау ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  2. «Бұқар жырау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  3. «Бұқар жырау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  4. «Бұқар жырау ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  5. «Бұқар жырау ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  6. «Бұқар жырау ауданының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  7. «Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  8. «Бұқар жырау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  9. «Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  10. «Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  11. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  12. «Бұқар жырау ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
  13. «Бұқар жырау ауданы Ботақара кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  14. «Бұқар жырау ауданы Ғабиден Мұстафин кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  15. «Бұқар жырау ауданы Қушоқы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  16. «Бұқар жырау ауданы Ақбел селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  17. «Бұқар жырау ауданы Ақтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  18. «Бұқар жырау ауданы Ақөре селосының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  19. «Бұқар жырау ауданы Ботақара селосының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  20. «Бұқар жырау ауданы Бұқар жырау селолық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі
  21. «Бұқар жырау ауданы Белағаш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  22. «Бұқар жырау ауданы Баймырза селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  23. «Бұқар жырау ауданы Гагарин селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  24. «Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  25. «Бұқар жырау ауданы Дубовка селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  26. «Бұқар жырау ауданы Қаражар селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  27. «Бұқар жырау ауданы Корнеевка селолық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі
  28. «Бұқар жырау ауданы Қарақұдық селосының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  29. «Бұқар жырау ауданы Көкпекті селолық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  30. «Бұқар жырау ауданы Қызылқайын аулдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  31. «Бұқар жырау ауданы Молодецкое селосының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  32. «Бұқар жырау ауданы Жаңаөзен селолық округы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  33. «Бұқар жырау ауданы Петров селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  34. «Бұқар жырау ауданы Ростов селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  35. «Бұқар жырау ауданы Самарканд ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  36. «Бұқар жырау ауданы Суықсу селосының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  37. «Бұқар жырау ауданы Тоғызқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  38. «Бұқар жырау ауданы Тұзды селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  39. «Бұқар жырау ауданы Үштөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  40. «Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округінің әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  41. «Бұқар жырау ауданы Шешенқара селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
  42. «Бұқар жырау ауданы Центральный селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»