100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 17-ші сәуірінде өртке қарсы  қызметі құрылған күніне 96 жыл толды. Аталмыш қызмет төтенше жағдайлардың теріс әсерінен халықты және мемлекеттің мүдделерін қорғай отыра, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өзінің үлесін қосады.
17-ші сәуір күні Ашық есік күні жарияланған аудандық 33-ші өрт сөндіру бөліміне Қушоқы орта білім беру  мектебінің 8- 11 сынып оқушылары директордың тәрбие ісі меңгерушілері Жалелова Л.Н. Алибаева Қ.А. және Жастармен жұмымыс жасау маманы Субканова З.Р. бірге   барып, өрт сөндіру қызметімен жете танысып қайтты.
Аталмыш шараның басты мақсаты өрт сөндіру-техникалық қаруландырумен, өрт сөндіруші қарауылының қызметімен жас ұрпақты таныстыру және оларға кәсіби бағдар беру.
33-өрт сөндіру бөліміне жасалған экскурсия ең қызықтысы - өрт сөндіру автотехникасын көрсетуден басталды. Өрт сөндіруші мамандар Қушоқы орта білім беру  мектебінің жоғарғы сынып оқушыларына арнайы техниканы: автоцистерна, автосаты және өрт сөндіру құрал-жабдықтарын көрсетті. Лаулап тұрған өртті ауыздықтауға, қысқа уақыт ішінде ғимараттардың жоғарғы бөлігіне немесе шатырына шығуға, ең қауіпті аймақтардағы өрттен адамды алып шығуға мүмкіндік беретін өрт сөндіру және құтқару техникасы мен құрал-жабдықтарының көрсетілуі оқушыларға өте қызық болды. Мектеп тәрбиеленушілері өрт кезіндегі өрт сөндіру құралдарының жауынгерлік өрістетілуіне және мамандардың шұғыл іс-әрекетіне көп қызығушылық танытты.
Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өртке қарсы қызмет майоры  А.Нұрбеков  өрт сөндірушілердің кәсіби қызметі туралы оқушыларға баяндады. Оқушылар өрт сөндіру шаралары туралы көптеген жаңа мағлұматтарға ие болды. Олар көліктер, құралдар және техникамен қызыға танысты, ұл балалар өрт сөндіру көлігінің рулін ұстап, өрт сөндірушілердің бас киімін де киіп көрді. Солардын арасында көп көзге түскен 9 б сыныбының оқушысы Досмагамбетов Дәурен болды, ол ос мамандыққа оқуға тапсыратынын және бұл мамандықы өте жақсы көретінін кесіп айтты.Келген қонақтарда бұл шара үлкен әсер қалдырды деуге болады.
Олардың кейбіреуі өзінің болашағын адамның өмірін құтқаруға бағытталған өрт сөндіру мамандығымен байланыстыратындығын да айтып жатты.  


Жастармен жұмыс жасау маманы
Зухра Субканова
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»