100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

ҒАШЫҚ БОЛДЫМ, ҒАШЫҚ БОЛДЫМ ТАҒЫ ДА...

«Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады...
Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді
Құлай сүю - ерлікпен тең себебі!» -деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай адал ғашық болып, ерліктерге жол бастар күн 15 сәуір елімізде «Ғашықтар күні» болып белгіленгеніне бүгінде бірнеше жылдын жүзі болды.
  15 сәуір күні Қушоқы кентінде  жастар арасында «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», яғни «Ғашықтар күні» аталып өтті. Осы мерекеге арнап «Ең жарасымды жұп» атты сайыс өткізілді.
«Махаббат деген ұлы сезім. Анаға, бауырға, досқа ең бастысы, сүйіктіңе деген шынайы адал, кіршіксіз таза сезім болып табылады. Бұл мерекенің осылайша жастарды жинап өткізуіміздің басты мақсаты - Әулие Валинтин күнін тойлауды тоқтатып, қазақтың Қозы мен Баянының махаббатына сендіру. Нағыз ғашықтар күні осы мейрам екендігін ұғындыру. Биылғымен санағанда үшінші рет осылайша кең көлемде аталып өткізіліп жатқан мейрамға жастардың ықыласы жылдан жылға артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Ендігі ойымыз жылдан жылға бұл мерекені тойлауды дәстүрге айналдыру».
Кеш барысында түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Қатысушылыарға түрлі  Викториналық сұрақтар қойылды, әр жұп өз өнерлерін көрсетті, әр түрлі спорттық  сайыстар, газеттін үстінде билеу және т.б. қызықты «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» атты ойындар өткізілді. Қатысушылардың өнерін Әділ Қазылар Алқасы бағалап мадақтама қағаздарымен марапаттады.
Сайыста бірінші орынға ие болған Козбагарова А. және Оразбеков А. Екінші орын иегерлері Кулаков.В. және Маковка Ю. Ал үшінші орын Жалелова Д. және Ахмадианов А. Бұйырды  қалған қатысушылар катысқандары үшін марапаталды.  Кештің соңында  жастар үшін би кеші  ұйымдастырылды.
        

Жастармен Жұмыс жасау орталығының
маманы Зухра Субканова
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»