100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

КІТАПХАНАДАҒЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Наурыз айының 23 жұлдызында аудандық балалар кітапханасында "Наурыз мейрамы - шаттық мерекесі" - атты ашық есік күндері өтті. Кітапханашы кітапхана жұмысымен таныстырып, келген оқырмандарға  "Қош келдің әз наурыз" атты слайд көрсетті. Содан кейін "Наурыз" мейрамының құрметіне  кітапхананың белсеңді оқырмандары өздерін «кітапханашы» рөліне қойып, бір күн кітапханашы болып қызмет жасады. Белсеңді оқырмандар Барабаева Маржан мен Малаева Алина  кітапханашы қызметін таныстырып, тіркеу ережесін көрсетті, сондай-ақ, қызықты ақпаратты оқырман назарына қалай жеткізу, стенд жасау, кітап көрмеге шолу жасау және де жаңа келген кітаптарды тіркеу жайында түсіндіріп берді.
Кітапханашы мамандығының кейбір жұмыстарымен таныс болғаннан кейін, аудандық модельді кітапхананың меңгерушісі Наталья Николаевна "Кітапхана және кітапханашы" - атты  мамандыққа әңгімелесу саяхатын өткізді. Кітапхана  -ақпарат көзі болса, ал кітап - әлемдегі ұлы ғажайыптардың бірі екендігін баяндады.

Аудандық
балалар кітапханасы

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»