100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

БҰҚАР ЖЫРАУ АУЫЛЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Ағымдағы жылдың жиырмасыншы наурызында Бұқар жырау ауылдық округі әкімінің аппараты, Бұқар жырау негізгі мектебінің ұжымы және ауыл тұрғындарының бірлесіп  ұйымдастыруымен «Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» және «Қош келдің әз Наурыз» атты мерекелік бағдарламалар өткізілді.
Аталмыш іс-шараларды өткізу барысында алдымен ауыл округінің әкімі Е.Р. Узденов сөз сөйлеп, жиналған қауымды көктем мерекесі Наурызбен құттықтады. Бұл күні жеті түрлі  тағам қосылған қасиетті «Наурыз көже» әзірленіп, қазағымыздың ұлттық тағамдарына толы дастархан жайылып, мерекеге жиналған барша қауымға ұсынылды. Берекелі дастарханнан ауыл тұрғындары да, мерекеге келген қонақтар да, кішкентай балалар да -  барлығы ауыз тиіп,  бірі-біріне «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!» дегендей ізгі тілектерін білдіріп жатты.
Ауыл жастары және мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып, дене шынықтыру залында арқан тартысып, «қазақша күрес», «асық ату» жарыстарына қатысып, бақтарын сынады.
Сонымен қатар, 20 наурызда Семіз бұғы ауылының мектебінде де Наурыз мерекесі тойланды. Мерекелік дастархан жайылып, мектеп ұжымы, оқушылар және ауыл тұрғындары мерекелік концерт ұйымдастырып, 
Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі  Е.Р.Узденов Семіз бұғы ауылының мектеп ғимаратында  наурыз мерекесіне жиналған барша ауыл тұрғындарын құттықтады. 
20 наурызда мектеп ғимаратында жиналып Наурыз меркесін ойдағыдай атап өтті. Жиналға қауымды округ құттықтады.
Шалқар ауылының клубында 22.03.2014ж. сағат 12-00де «Қош келдің – Наурыз!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, мерекеге ауыл тұрғындары жаппай қатысты. Қазақи дөңгелек үстел қойылып ұлттық тағамдармен толықты. Жиналған қауымды а/о әкімі Е.Р. Узденов құттықтады. Барлық ауыл тұрғындары жаппай қатысып көңілді күй кешті.  Жадыраған көктемнің шуағымен клуб ғимаратының алдында спорттық іс-шаралар өткізілді. Тұрғындар бағдарламаға ат салысып ән айтып, би билеп көтеріңкі көңілмен мерекені жалғастырды.


Бұқар жырау ауылдық округі
әкімінің аппараты
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»