100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

ШЕШЕНҚАРА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Шешенқара ауылдық округінде Наурыз мерекесі өз деңгейінде өтті. Жоспарланған іс-шаралар 15 наурыздан басталды. Шешенқара орта мектебі жоспар бойынша 1-4 сыныптар арасында «Көктем аруы» сайысын, «Наурыз – құт берекем ырысым» атты сынып сағаттарын, 8-11 сынып арасында «Наурыз думан» КТК, 9-11 сыныптар арасында «Ата салтын ардақтайық» атты дебат, 8-11 сыныптар арасында «Қазақстан, елім менің», «Атажұрт» ойындарын, шағын орталықта «Қош келдің әз-Наурыз» ертеңгілігін өткізді.
Ауылдық мәдениет үйінде 21 наурыз күні «Көктем аруы» сайысы өтті. Сайысқа Манаспаева Айнагүл, Байманова Әлия, Сагиева Гүлім, Нүркенова Әсем қатысты. Арулар байқаудың шарттары бойынша өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің көңілін көтерді. 22 наурыз «Наурыз думан» атты әдеби-сазды қойылым, көшелер арасында сайыс өтті. Сайыстың «Таныстыру», «Ән сайысы», «Жұлдызды сәт», «Дастархан», «Би сайысы», «Қол өнер» шарттары бойынша әр ауылға баға берілді. Әділ қазы алқасының бағалауымен арулар да, әр көше де орындарға ие болды. «Көктем аруы» сайысында бас жүлдені Ә.Нүркенова, 1-ші орынды Г.Сагиева, 2-ші орынды Ә.Байманова, 3-ші орынды А.Манаспаева иеленсе, көшелер сайысында «Мәңгілік ел» ауылы бас жүлдені, «Пролетар» ауылы 1-ші орынды, «Тоқтар ауылы 2-ші орынды, «Фатеев» ауылы 3-ші орынды иеленді. Сонымен қатар көшелерге ақшалай сыйлықтар ұсынылды.
Сонымен қатар, 22-наурыз күні мәдениет үйінде кешкі сағат 18.00-де «Гүлдер симфониясы» атты жасөспірімдерге арналған би кеші өтеді.

Шешенқара орта мектебінде өткен іс-шаралар
  
«Көктем аруы» сайысынан көріністер

    
    


«Наурыз думан»

   
  
  
 

          

Шешенқара ауылдық округі
әкімінің аппараты

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»