100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

КӨКПЕКТІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

      2014 жылғы Наурыз мерекесін өткізу барысы аудан әкімдігі берген нұсқаулық негізінде жоспар құрудан басталды. Жоспарға білім мекемелелерінде, мәдениет ошақтарында өткізілетін іс-шаралармен қоса сыйлы азаматтарды марапаттау, аз қамтылған отбасыларына материалдық көмек көрсету, түрлі акциялар өткізу, мерекелік әшекейлеу енгізілді. 17 -20 наурыз аралығында Көкпекті орта мектебінде, Байқадам орта мектебінде, Cарытөбе орта мектептерінде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сыныптар араларында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау бойынша жарыстар өткізілді, қолөнер көрмелері мен жәрмеңкелер, мерекелік концерттер ұйымдастырылды. Ата-аналар мен  ата-әжелер белсенді қатысып, Наурыздың  сәнін келтірді.   20 наурыз күні  12.00-15.00 аралығында  Көкпекті ауылдық округінің ең басты  «Қош келдің, әз Наурыз!» атты  мерекелік шарасы өтті. Көкпекті ауылдық округі әкім аппаратының ұйымдастыруымен алғашқы рет Көкпектіде  3 ақ боз үй тігіліп Наурыз мейрамы тойланды. Көкпекті, Сарытөбе, Байқадам ауылдары бір-бір үйден тігіп нағыз қазақы Наурыз жасады. Киіз үйлердің ішіне ақ дастархан жайылып ет асылды, наурыз көже мен бауырсақ пісірілді. Үстелдерге ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар шақырылды. Мерекенің басында ауыл имамы Жетпіспай ақсақал  ақ батасын берді, ауыл әкімі Бақытжан Смаилов жиылған халықты қасиетті мейраммен құттықтап, барша жұртқа ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге ат салысып, белсенділік танытқаны үшін алғысын айтты. Мереке үш ауылдың әзірлеген концертімен жалғасты. Үш сағат бойы ән мен күй бір тиылған жоқ. Әкім аппараты  сол күні  жәрмеңке ұйымдастырды, мерекеге келген халыққа тегін бауырсақ пен ыстық шай, тәтті кәмпит пен наурызкөже таратты. Ауа райының күрт бұзылуы жиылған халықтың көңіл-күйін ешбір бұза алмады. Ең бастысы Көкпекті ауылына халқымыздың дәстүрі келді, әз Наурыз келді, халық ауыз бірлік танытып, ақ тілектерін жаудырды.

Көкпекті ауылдық округі
әкімінің аппараты 
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»