100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Астана- «Қазақ елі болашағының қаласы» атты Қушоқы кентінде іс-шаралар өткізілді.

Астана күнінің 20-жылдығына орай, Қушоқы кентінде 6-шілде де Астана күніне арналған Астана- «Қазақ елі болашағының қаласы» атты мерекелік концерт, би кеші өткізілді. Іс-шара «Елімнің жүрегі сен Астана», «Көк тудың желбіреген» әнімен бастау алып, азаматтарымыздың жүрегін елжіретті. Қушоқы кенті әкімі Қайрат Нұрмұқанұлы іс-шара басында кент тұрғындарын «Астана күні» мерекесімен құттықтап, бір қатар кентіміздің өркендеуіне үлесін қосқан азаматтарға рахмет айтып, мадақтау грамотасын  халық алдында табыстады. Қушоқы кенті мен Ботақара мектеп оқушылары арасында фудболдан жарыс өтті. Қушоқы кенті оқушылары командасы 1- орынды иеленіп, кубок және мақтау грамотасымен марапатталды. Ботақара оқушылары командасы 2-орынды иеленді.

 

Қушоқы кенті әкімі аппаратының бас маманы А. Уримхан

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»