100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Айналайын, Астана!

Осы жылы Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығын атап өтуде.

Президенттің 1998 жылғы  6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертіліп, жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Астана — Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 миллион асады. Қала үш ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің  идеясымен іргесі  қаланған  жаңа елорда  қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық  идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

 Не деген махаббат сұрапыл,

Тәңірден берілген нұр, ақыл.

Астана қазақты ғаламға,

Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі,тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала» деп Елбасының өзі айтқандай, биыл Астанамыздың торқалы тойы барлық жерде тойланып, түрлі мерекелік шаралар өтуде.

 Доскей ауылында Елтай орта мектебінің акты залында «Тәуелсіздік түндігі-Астана» атты мерекелік шара өткізіліп, онда Астана тарихымен таныстырылып,  әндер шырқа лды. Модельді кітапхана клуб қызметкерлері библиошар, сөзжұмбақтар өткізді. Сонымен қоса «Көңілді  Астана» тақырыбында балалар сурет көрмесі өткізілді.Видеороликтер көрсетіліп, мәдениет қызметкері Дариға Билялованың сөзіне жазылған композитор Қанат Мерсалимовтың «Мақтанышым  Астанам» атты жаңа әнінің тұсауы кесіліп, жазғы лагерьдегі балалар хоры орындап, мерекелік шара соңында бүлдіршіндерге ауыл әкімшілігі атынан тәтті балмұздақтар таратылды.

                                                                                                                                                      Дариға Рахымқызы                                                                                                                                                                  Доскей ауылы

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»