100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Балғын балалық шаққа саяхат- Ростов округінде

Баршамыздың көзіміздің ағы мен қарасы, көңіліміздің шуағы, отбасымыздың қуанышы, өміріміздің мәні мен бақыты балдай тәтті балапандарымыздың төл мерекесі Ростов ауылдық округі аумағында аталып  өтті. Ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастырған мерекелік бағдарламасы бірнеше аралдарға аялдау арқылы  көңілді музыка әуенімен өте қызықты болды. Ауылдық округ әкімінің құттықтауымен басталған мереке ары қарай қызықты ойындар мен жалғасын тапты. Балалар сайқымазақтар мен ертегі кейіпкері Машаның қатысуымен тоқтаған «Достық», «Сазды қобдиша», «Игротека», «Жұмбақтар» аралдары ғажайып әндер және әр түрлі ойындарға, атап айтсақ, «Ауадағы волейбол», «Шарларды дөп тигізу» тәрізді қызықтарға толы болды. Балғын балалық шақтың  сиқырлы саяхатына мәз-мейрам болған бүлдіршіндер бір-бірімен жарыса би билеп, жұмбақтардың шешуін тапжылмай тапқан еді. Әр ойынға атсалысқан қатысушылар тәтті сыйлықтардан құр қалмады. Тек балалар ғана емес, сондай-ақ ата-анасының бауыр еті болған бүлдіршіндердің қуанышына олар да ортақ болып, ұйымдастырған шарадан көтеріңкі көңіл-күймен тарасқан еді.

Ауылымыздың демеушілері ұсынған балмұздақтар балаларға  таратылды. Балалардың құрметіне ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен орнатылған батутта аталмыш шараның кішкентай иегерлері сағаттап ойнап, тәтті мақтадан да дәм татты.

Әр отбасының балалары аман-есен әрі саналы ұрпақ болып ер жетуіне шынайы тілегімізді білдіреміз.

 

 

Ростов ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі

Г. Манкеева

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»