100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Тоғызқұдық ауылдық округінде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті

1 маусым күні балаларды қорғау күніне арналып  көптеген мәдени шаралар ұйымдастырылып, жалпыхалықтық деңгейде аталып өтіледі. Біздің ауылымызда да 1 маусым күні  ауылымыздың кішкентай бүлдіршіндері мен ата-аналары мәдениет үйіне жиналды. Балалардың шуақты мерекесіне арналған шара көп күттірмей басталды. Басты назарда бүлдіршіндер. Мерекелік шара  барысында сөз алған ауылдық округтің әкімі  Е.Карипбаев  тұрғындармен жас бүлдіршіндерді асыға күткен жарқын мерекелерімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Мерекелік шара шымылдығы «Аққу» би үйірмесі бишілерінің әдемі биімен ашылды. Мерекеде жас бүлдіршіндер әуелетіп ән шырқап, мың бұралып би де биледі. Мерекелік шараға келген бүлдіршіндерге ауылдық округтің әкімдігмен мәдениет үйінің қызметкерлерінің демеушілігімен балмұздақтар үлестіріліп,  мереке соңы бүлдіршіндерге арналған  би кешімен жалғасты.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»