100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

"Жол апатының 90%-ы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен орын алады"

 

Бұл жөнiнде ҚР Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiмдедi.
«Жол-көлiк оқиғаларының 90%-ы жүргiзушiлердiң кiнәсiнен орын алады, оның 24%-ы жылдамдықты шектен асыруда жатыр. Бiз жол апаттарының орын алу себептерiне талдау жүргiземiз. Яғни апаттардың себепші - көше қиылыстарынан өту ережесiнiң бұзылуы - 11%, маневр жасаудағы қателiк - 10%, жаяу жүргiншiнiң жолдан өту ережесiнiң бұзуы - 10%, қарсы беттегi жол бөлiгiне шығып кету - 9%. Бiз инфрақұрылым, жолдардың жағдайы жайлы айтып отырмыз. Бiрақ, бiздiң әрқайсысымыз жол үстiнде бiр-бiрiміздi сыйлап, жол қозғалысы ережесiн сақтамасақ, онда қандай да бiр оң бетбұрыс болуы екiталай», - дедi И.Лепеха. Оның айтуынша, елiмiздегi жолдарда барлығы 357 стационарлық автоматтық тiркеу жүйе орнатылған. «Бүгiнгi күнi стационарлық автоматтық тiркеу жүйелерi елiмiздегi 16 қалада бар. Олар жолдың жылдам жүру учаскелерiнде, көрiнiс шектелген қолдан салынған құрылыстарды және iрi жол қиылыстарында орнатылған. Олардың жалпы саны бүгiнде 357-ге жетiп отыр», - дедi комитет төрағасы. Атап өту керек, күні кеше мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде жол қауіпсіздігі мен Қазақстан жолдарының сапасына қатысты сын айтып, сала бойынша жұмыс күшейсін деп тапсырма берген болатын.


Ақпаратты орналастыру уақыты: 23 Қазан 2018 13:37
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 23 Қазан 2015 13:37
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»