100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

оғызқұдық ауылдық округі әкімі Ерлан Ғалымұлы Карибаевтың 2018 жылы атқарған жұмысының есебі

Тоғызқұдық ауылдық округінің құрамы  екі елді мекеннен тұрады. Орталығы – Тоғызқұдық ауылы және бөлімшесі Тасшоқы ауылы. Округте  халық саны – 1321, үйлер саны - 296, отбасылар саны - 379, мүгедектер - 62 зейнеткерлер - 139, соғыс жылдарындағы қиындықтарды еңсерген тыл еңбеккерлері – 5, жауынгер-интернационалист – 1 адам, жастар саны - 369, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының студенттері-18, колледж студенттері - 51. Экономикалық белсенді халық саны -594, тұрақты жұмыспен қамтылғаны - 496, оның ішінде өз тарапынан жұмыс істейтіндер - 98 адам.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 отбасы, 18 адам.
Тұрғын үй көмегін 3 отбасы алады. Көп балалы отбасылар саны - 131. Жыл бойы  аталған категориялардағы адамдарға демеушілер тарапынан материалдық көмек көрсетіліп отырды.  
Тоғызқұдық және Тасшоқы ауылдары бүгінгі күнде қарқынды даму жолында. Бұл ауылдарда елдегі әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларының біршамасы орындалып, игеріліп келеді.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жж арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар арқарылуда. Ағымдағы жылы аталмыш мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 6 адам оқуға жіберілді. Екінші бағыты бойынша 2 адам жалпы көлемі 5 млн теңге  несие алып өз істерін ашты. Сонымен қатар өз жеке ісін ашу үшін 1 жоба аудандық жұмыспен қамту орталығына ұсынылып, 1 адам несие алды. Үшінші бағыт бойынша 1 адам Кузнецкий жалпы білім беру мектебінде жастар тәжірибиесінен өтуде. Жыл басынан бері  52 адам тұрақты және маусымды жұмыспен қамтамасыз етіліп, 2 адам қоғамдық жұмыскер болып жұмыс істейді.
Округ бойынша 1 орта және 1 негізгі мектеп жұмыс атқарады. Жалпы оқушылар саны - 213, барлығы 56 мұғалім қызмет етеді.  2018 жылы 15 бала мектеп бітірді оның ішінде 1 бала «Алтын белгі» алды, 4 бала грантқа жоғары оқу орнына түссе 6 бала колледжға грантқа оқуға түсті. Мектептерде кадр мәселесі шешілген, қазандықтар толық режимде жұмыс істеп тұр. Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебінде  орталықтандырылған су құбыры жұмыс істейді. Биылғы жылы қазан айында «СпецТехСтрой -09» ЖШС бастауыш мектепке 962 мың теңгеге санитарлық бөлме  орнатты.
Округ бойынша 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі оқу - тәрбиемен жалпы 50 бала қамтылған. Шағын орталықтар тәрбиешілермен және оқу-тәрбие үрдісіне қажетті   құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Әр түрлі мерекелік, спорттық іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық кездесулер өткізіледі. Аудандық жарыстарға және форумдарға ауыл жастары белсенді қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында Тоғызқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды, арнайы автокөлігі бар, жалпы 5  маман халыққа қызмет көрсетеді. Тасшоқы ауылында бір фельдшерлік пункт жұмыс істейді. Жоспарлы түрде дәрігерлік бақылау үнемі жүргізіліп отырады. «Денсаулық 2016-2020 жж» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, әлеуметтік маңызды аурулардан халықтың ауру –сырқау және өлім-жітімін азайту мақсатында, мақсатты топтарға жататын адамдарды  тегін медициналық скринингтік тексеруден өткізуде. 2018 жылы 23 бала дүниеге келді, 4 адам қайтыс болды. Қант ауруы, бронх демікпесі, жүрек-қан тамырлары ауруларымен  ауыратын есепте тұрған ауруларға тегін дәрі-дәрмек беріледі.
Ағымдағы жылы 2 зейнеткер Қарағанды қаласындағы ардагерлер үйіне барып денсаулықтарын оңалтып қайтты. 
«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағыты», шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Округте жалпы көлемі 52581га жер телімі бар, ауыл шаруашылық мақсаттағы алқаптар 33764га. 
Округтің бірден бір бағыты өнеркәсіппен  ауыл шарушылығын дамыту болып саналады. Округ бойынша тіркелген  шаруа қожалықтарының саны - 46. Оның ішінде 40 шаруа қожалығы толық жұмыс істеп, даму жолында.
Биылғы жылы 4053 га егін салынып, 2957 тонна бидай, 1173 тонна арпа және 70 тонна сұлы жиналды. Қысқы мерзімге 8870 тонна жем-шөп дайындалды.
Округ аумағында 01.07.2018ж. келесідей мал басы тіркелді: ІҚМ – 3334 бас, ҰММ – 3611 бас, жылқылар – 839 бас,  құстар – 835 бірлік. Оның ішінде ауыл шаруашылығында (ШҚ) ІҚМ 1173 бас, ҰММ 436 бас, жылқылар 250 бас. 
Агроөнеркәсіп кешенін дамытуға араналған бағдарламасы бойынша ауылдық округте ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде.
Ауылда жеке кәсіпкерлер  саны - 5. Дүкен иелерімен азық-түлік бағасын өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Апта сайын әлеуметтік маңызды азық–түлік бағаларына мониторинг жүргізіліп қадағаланып тұрады. 
      Мәдени - бұқаралық іс-шараларды өткізу барысы.  Мәдени-ағарту ошақтарынан округте 1 мәдениет үйі,  1 модельді  кітапхана бар. Бұл бағытты ерекше атап өту керек. Себебі әрбір мәдени іс-шараны   халықтың басын біріктіруге, елге деген сүйіспеншілікті бекіту үшін, Елбасының саясатын  тарату мақсатында терең мағынамен ұйымдастырып, өткізу жоспарланады. Тоғызқұдық ауылында мәдени ошақ болғанымен білім мекемелері, ардагерлер кеңесі, жастар қауымы мен кәсіпкерлер бірлесе ұйымдастырып, ақылдаса отырып өткізген  әр шара өз мақсатына жетіп отырады.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 - жылдығына  орай  мәдени іс-шаралар құрылған жоспар бойынша өткізілді.   Мерекелік күндері ғимараттардың алдарында мерекелік  ұрандар мен түрлі - түсті тулар ілінеді. Өткізілген  мәдени, саяси іс-шаралар аудандық «Бұқар жырау жаршысы» газеті мен аудан әкімінің сайтында  жарияланып тұрады. Бұл өзімізді дәріптеу немесе мадақтау үшін керек емес. Бұл ауыл азаматтарының бойында өзімізге деген сенімділік орнату үшін, ауылдың дамуына барша тұрғындар үлес қосу керектігі туралы ой салу үшін жасалуда.  Жыл сайын 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні  аталып өтіледі, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне “Разрез Кузнецкий ”  тау кен компаниясы  өз аттарынан сыйлықтар таратты.  Шаруа қожалықтарының басшыларының демеушілігімен үлкен мерекелік дастархан  жайылды. Қарттар күндеріне  де  шаруа қожалықтарының басшылары  үлкен көмек көрсетіп тұрады. Сонымен қатар жыл сайын “Разрез Кузнецкий”  ЖШС жауынгер интернационалистке, желтоқсан оқиғасына қатысушыға және жатқан мүгедектерге  тегін көмір беріп тұрады.
          Ауылда «Билайн» және «Актив» байланыс жүйесі жақсы жұмыс істейді, интернет желісі қосылған.
         Биыл ауылдық округ әкімінің аппараты, ветеринарлық пункті, учаскелік инспектор мен пошта ғимаратпен қамтамасыз етілді.
         Пошта қызметі бұрынғыға қарағанда қазір қарқынды жұмыс жасауда, себебі поштаға спутникті антена орнатылған, барлық төлемақылар мен басқа да қызметтер «колвер» жүйесі арқылы көрсетіледі, газет - журналдар сонымен қоса  халықтың еңбекақысы, зейнетақысы уақытында таратылып беріледі. 
Жеке кәсіпкерлерден, жер мен мүліктен және көліктен түсетін салық төлемдері  2016 жылдан бастап жергілікті әкімшіліктің қолма – қол бақылау есеп шотына түсетін болды. Жыл басынан аталмыш есеп шотқа 483700  мың тенге жиналды. Оның ішінде 224448 теңге көше жарығына, 1707мың теңге ауыл көшесін тегістеуге, 550 мың иесіз қалған күл-қоқысты шығаруға, 45  мың теңгеге жас тал сатып алынып отырғызылды, 62700 теңгеге су сорғы сатып алынды, 70 мың теңгеге шөп шабатын құрылғы сатып алынды, 962 мың теңгеге бастауыш мектепке санитарлық бөлме жасалды және 70 мың теңгеге  баннерге тапсырыс берілді. 1385921 мың теңге қолма – қол бақылау есеп шотында тұр.
«Туған жер» бағдарламасы аясында Жыл сайын сәуір айында халық арасында  жеке меншік малды бағу және көктемгі тазалық жөнінде жиналыс өткізіледі. Ауыл тұрғындарымен елді мекендердің сәулет түрін жақсарту және көгалдандыру бойынша жеке аула иелерімен бірыңғай шарт жасалған. 2018 жылы екі ауылда қазіргі талапқа сай ауылдан 3 шақырым жерде көлемі 10 га жер телімі беріліп рұқсат құжаттары даярлануда, бүгінгі күні жер актісімен, техникалық төл құжат әзірленуде.
Ауылды көркейту  және  өрт қаупін алдын алу жөнінде ауыл әкімімен 296 отбасы келісім шартқа отырды. Жергілікті сенбіліктер мен таза бейсенбіліктер өткізілді, шаруа қожалықтарының көмегімен ауылдан 1700 тонна қоқыс шығарылды.

Ендігі кезекте ауылымыздағы түйінді мәселелерге тоқталсам.  Атап айтқанда:

Ауыл ішіндегі ескі ауыл мен жаңа ауылдың арасын қосатын көпірді күрделі жөндеуден өткізіп  қалпына келтіру.
Тасшоқы ауылы бойынша шешілмей келе жатқан  ауыз су мәселесі.
Ботақара – Тоғызқұдық - Қарағанды тас жолы күрделі жөндеу жүргізу.

     Міне,  ауылымыздың  бүгінгі  күнге  тіршілігі  осындай.  Ендеше  өздеріңіздің қолдауларыңызбен  алда  тұрған  жұмыстарды  абыроймен  орындауға  баршаңызды шақырамын.
     Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!  Тәуелсіз еліміз жасай берсін!


Назарларыңызға  рахмет!


 


Ақпаратты орналастыру уақыты: 05 Қаңтар 2019 14:06
Ақпараттың соңғы өзгерісі: 05 Қаңтар 2019 14:07
© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»