Балалардың асыға күтетін мерекесі-1маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Белсенді балалар «Серпер» бедер тақтасының бастау алған шеруге қатысып, Ботақара кентінің орталық саябағында өтетін шараға сап түзеп барды.
«Гүлдер» би тобы «Флеш-моб» билеп болған соң, бүлдіршіндерді аудан әкімі Ш.Мамалинов құттықтады. №1 қазақ тірек мектебінің «Балауса» шағын орталығының «Туча» биін билесе, Д.Жүнісов пен Н.Рахымбай қосылып орындаған халық әні «Илигай», «Мама» әнін апалы-сіңілі Серік Ақерке мен Аружандар шырқады.
Шешенқара селолық мәдениет үйінің ұжымы балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасын ұсынды.
Әртүрлі сайыстар ұйымдастырылды. Бір сөзбен айтқанда бүлдіршіндер кірсе шыққылары келмеді. Барлық балаларға тегін балмұздақтар таратылды. Бақытты балалық шақтың қызықтары көп бола берсін-деген ниет білдірді ата-аналар.
Комментарии (0):
Комменатриев нет.