100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

ТАРИХИ КҮН

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осынау тарихи әрі  қасіретті күнді еске алу баршамыздың парызымыз. 
Бұқар жырау ауданының Центральный ауылында аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен шара өткізілді. 
Ең алдымен ауылдың маңында орналасқан ескеркіште салтанатты митинг өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Дардаков, В.Молчановалар тебірене сөйлеп, елімізде бейбіт күн болуын тілек етті. Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, 1 минут қаза тапқандарды еске алып, селолық мәдениет үйінде өткізілетін шараға  ат-көліктерінің бастарын бұрды.
Мәдениет үйінің фойесінде Центральный СМҮ қызметкерлері   көне жәдігерлердің көрмесін ұсынса, кітапханашы кітап көрмесін әзірледі. 
Сахна шымылдығы «Қазақ деген дана да, дара халық» атты сахналық қойылыммен ашылды. Шынымен де көзімізге жас келді. Сонау зұламат заманда қазақ елінің дархандығын, мейірімділігін осы көрініс арқылы көріп, сезінуге болады.
А.Амантайұлы Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетауын» домбырамен шырқаса,  К.Талашев «Земля Казахстана», Г.Ушакова «Верните память»,  Л.Сабитова «По небу босиком», «Варварушка» ЭМБ  «Пожелание», «Сударушка» ЭМБ «Дерева, вы мои дерева», «Лебедушки» ЭМБ «Сердце Земли», В.Жауров «Полем, полем», «Дружба» вокалдық тобы «Ангел хранитель»  әндерін әуелетсе, «Семицветик» би ансамблі «А закаты Алые» биін биледі. 
Шара соңы «Арқа саздары» триосының орындауындағы Ескендір Хасанғалиевтың «Атамекен» әнімен түйінделді.
Айтулы шараға Урожайный, Самарқанд, Центральный ауылының көркемөнерпаздары өнерлерін паш етті.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»