100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

"АТАЖҰРТҚА ТАҒЗЫМ"

Мамыр айының 23 жұлдызында облыстық, республикалық жыр мүшәйраларының лауреаты, ақын, қаламгер, ұстаз  Сұлтан Дәулетханұлының «Атажұртқа  тағзым»  атты тұңғыш кітабының тұсаукесер рәсімі Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде өткен болатын.

Кешке белгілі қоғам қайраткерлері, ақын, жазушылар келіп, ақын ағамыздың шашбауын көтеріп, игі тілектерін білдіріп жатты.

Қазақстан Жазушылар Одағының  Қарағанды облыстық филиалының директоры С.Сағынтай мен Бұқар жырау аудандық мәдениет  және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Ргебаевтар  кітаптың тұсау кесу мәртебесіне ие болды.

Рухани шара ақынның өлеңдері оқылып, аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»