100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

"ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАРЫ» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылдың 17 мамырында Ботақара кентінің «Сары-Арқа» спорт кешенінің аумағында, «Жас құтқарушы» жарысы өтті. Жарысқа ауданның 14 мектебінен оқушылар қатысты. Әр команда 3 жасөспірім мен 2 қыздан құралды. 

Қазақстан Республикасы Әнұранының шырқалуы, турнирдің ресми ашылуын білдірді. 

Ашылудың салтанатты бөлімінде адал күрес тілегін, Бұқар жырау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі, сайыстың бас төрешісі Нурмухамед Серикович Интуев және аудандық білім бөлімі басшысының м.а А.А.Оспанов,  дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы О.Д.Цыганков  білдірді.

 Жас құтқарушылар алты кезеңдерде сайысты және жоғарғы тәртіп, жақсы спорттық және зияткерлік дайындық, жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыстарын  көрсетті.

«Жауынгерлік киімді кию және өрт сөндірушіні  жабдықтау» кезеңінде, үздік нәтижелерді  Токаревка, Ю.Гагарин атындағы ЖОБМ және Нұра ОЖБМ  мектептерінің оқушылары көрсетті

«Кедергілерімен 100-метрлік жолақты» еңсеруде Ростовка, Токаревка, Ю.Гагарин атындағы ЖОБМ  мектептерінің командалары, жеңімпаздар мен жүлдегерлер болды. 

«Конструкцияға құтқару арқанын бекіту» кезеңіне қатысу үшін әр командадан 3 қатысушы жіберілді, оның ішінде айта кету керек қыздар да бар, олар үздік нәтижелер көрсетіп өз командаларына жеңіс әкелді. Токаревка мектебінің оқушылары үздік уақыт көрсетті, жеңімпаз командадан Ю.Гагарин және Ростовка ЖОБМ мектептерінің командалары аз ғана қалып қойды.

«Өрт сөндіру викторинасына» тек қыздар ғана қатысты. 12-ден 12 абсолюттік нәтижесін Көкпекті, Петровка және Ю.Гагарин ЖОБМ-нің оқушылары жинады.

«Дабыл бойынша жиналу және бару» -кезеңі, оған  командалардың барлық мүшелері қатысты. Петровка, Нұра және Ю.Гагарин ЖОБМ-нің командалары ең жақсы үйлесімділік және командалық рухты көрсетті;

Сайыстардың  соңғы және ең көріністі  «Жауынгерлік қанат жаю» кезеңінде, команда мүшелеріне 2 жұмыс жолағын ашу және су қысымымен қарудан нысанадағы допты шалу керек болды. Бұл тапсырманы бәрінен бұрын Токаревка ОМ-нің командасы орындады, жеңімпаздардан Қазақ ОМ-нің оқушылары аз ғана қалып қойды, үшінші орынға Петровка ОМ-нің командасы жайғасты.

Қызу және тартысты күрес барысында жалпы командалық есепте  ең үздік нәтижені Ю.Гагарин ЖОБМ-нің  командасы көрсетті, Петровка орта мектебінің оқушылары жеңімпаздардан екі ғана балға  қалып қойды, үшінші орынды Токаревка ОМ  командасы иеленді.

Сайыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бұқар жырау ауданының білім бөлімі, дене шынықтыру және спорт бөлімімен ұсынылған кубоктар және  грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды, ал жүлделі орын алмаған командаларға «Белсенді қатысқаны үшін және жеңіске жету үшін" грамоталары берілді.

«Жас құтқарушы» жарыстарын өткізу,  төтенше жағдайларда өскелең ұрпақта тек дұрыс әрекет ету білімі мен дағдысын тәрбиелеу ғана көзделмей, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, оқушыларда терең теориялық білім мен ТЖ –да сапалы тәжербиелік дағдыны қалыптастыруға, жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерді қалыптасыруға, жеке қауіпсіздік пен айналадағылардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты қарым-қатынасқа тәрбиелеуге бағытталған. Сондай ақ жалпы білім беру мектептері оқушыларын, «Өрт сөндіруші» және «Құтқарушы» мамандықтарына да кәсіптік бағдарлау маңызды фактор болды.

           

 

 

Бұқар жырау ауданының

ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау капитаны

В. Малышкин

 

 

 

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»