100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ

Биыл  Ұлы  Отан соғысының аяқталғанына   74 жыл толып отыр.  Осы мерекенің құрметіне Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде «Жеңіс гүлін терген күн» атты шараға жиналғандардың  санында шек болмады. 
Салтанатты митинг ҚР Мемлекеттік  туы  кіргізіліп болған соң, аудан әкімі Ш.Мамалинов, тыл ардагері М.Петрухина, ауған соғысының  ардагері Е.Үмітбаевтар құттықтау сөз сөйледі.
Барлық мекеме-ұжымдар мен кент тұрғындары  «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» мемориалына гүл шоқтарын  қойып,  Майданда қаза тапқан жауынгерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Сахнада аудандық Мәдениет үйінің  көркемөнерпаздары  дайындаған «Қыран сұңқар»  атты   сахналық қойылым  Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың 100 жылдығына арналды. Еріксізден көзге жас келді. Шынымен де нағыз батыр болу қиын. Нұркен ағамыз асқан ерлік көрсетіп, болашақ  ұрпаққа патриоттықтың ізін қалдырды.
Сахнаның  сол жақ қанатында дәстүрлі әскери  ботқа әзірленген дала асханасынан  тегін дәм таттырылды. 
Қарағанды қаласынан келген музыкалық комедия театрының театрландрылған музыкалық соғыс әндерінен сазды композициялық бағдарламасы мен аудандық Мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына   ұласты.
Еліміз аман болсын! Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»