100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ САТПАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 120 ЖЫЛ

Бағалы жәдігерлер - біздің ауданымызда

Өткен сәрсенбіде мәдениет үйінің кіші залында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Ғасырдың дара шыңы» атты көрме көпшілік назарына ұсынылды.

Баянауыл ауданында орналасқан Қ.Сәтбаев атындағы мемориалды мұражай қызметкерлері көрмеге тұңғыш академиктің өмір, еңбек жолына арналған дүниелерді ұсынып, керекті мағлұматтар беріп өтті. Көрмені тамашалауға келген көшті аудандық мәслихат хатшысы А.Әли, аудан әкімінің орынбасары А.Ақпанова, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Нұрланов бастап, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 36 елдімекенінен келген кітапхана қызметкерлері, «Руханият» қосымша білім беру орталығы, №1 қазақ тірек мектебі, Ю.Гагарин атындағы, Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептердің ұстаздары мен шәкіртері жалғады.

Көшпелі мұражайда бала Қаныштан академик Қанышқа дейінгі кезең-кезеңді қамтыған деректі тақтайшалар мен ғалымның жеке заттары ұсынылды. Тұңғыш академиктің білім алуына алғаш болып қолдау көрсеткендердің бірі - әкесі мен қос анасының, туған- туыстарына арналған жеке тақтайшада 9 жастаға бала Қаныштың суреті бейнеленген. Баянауыл ауданы, Қ.Сәтбаев ауылдық округіне қарасты Теңдік ауылында алғаш білім нәрімен сусындап өскен Қ.Сәтбев білімін шындау үшін орыс-қазақ училищесінде оқиды.  1914-18 жылдары Семей қаласындағы мұғалімдер семинариясы, Томск технология институтынан білім алған мерзімі, 1920-21 жылдары денсаулығының сыр беруіне байланысты туған жеріне ем алуға келген академиктің халық сотында қызмет атқарғандығын нақтылайтын құжаттар мен Қаныш ағамыздың екі жарынан тараған ұрпақтарына арналған тақтайша көрермен назарына ұсынылды. Ғалымының жұмыс барысындағы бейнесі, Қаныш Имантайұлының өмір жолын, өлшеусіз еңбегін зерделеген 9 кітабын жарыққа шығарған Медеу Сәрсекейге арналған тақтайшаларын көрермен ерекше қызығушылықпен тамашалап шықты.

Сонымен қатар мұражай төрінде жерлесіміз А.Акишевтің қолынан шыққан ғалымының алғаш білім алған ордасы, тұрған үйінің, кен орындарындағы жұмыс барысының макеті қойылып, көрермен назарына ұсынылды.

Мұражайға келген көрерменді еркеше қызықтырған ғалымның жеке заттары болды. Соның ішінде Баянауылдың 25 әнін нотаға түсіріп, қазақтың 500 ән-күйінің жинағына енуіне үлесін қосқан академиктің домбырасы, көзілдірігі, күміспен әрленген қол таяғы, белдігі, әмианы, қаламы, тіс щеткасы, өз қолымен жасаған шақшасы қойылған үстел маңында суретке түсушілер қатары көп болды. Ғалымның жеке заттарын қызы мұражайға өз қолымен тапсырған екен.

Бойы 1, 96 см салмағы 120 кг болған қазақтың Қанышының киген қалпағы мен костюмі, көйлегі, аяқ-кимі, ертоқымы, отбасылық каскасы, геологиялық балғасы, наградалары мен еңбектері, соның ішінде небары 24 жасында қазақ балаларына арналған алгебра кітабы мұражай көркін ажарландырып тұрғандай көрінді.

Мұражайдан ғалым тапқан минералдар мен Жоңғар Алатауының солтүстік баурайының жотасында орналасқан Сәтбаев мұздығы, Сәтбаев минералы, Сәтбаев каналы, Сәтбаев өсімдігі, Кеңес одағының астрономы Черных Николай ашқан Қ.Сәтбаев атындағы планетасымен таныстық.

Қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы - Қ.Сәтбаевтың өмір, еңбек жолымен таныстырған ғалым атындағы мұражайдың әдіскері Дана Нұрбаева мен қор сақтаушы Ерлан Зікіровқа А.Әли өз алғысын білдірді.

- Қаныш Имантайұлыдай зор тұлғаның өмірі мен еңбек жолын жастарға насихаттап жүрген өздеріңіздің осы өнегелі істеріңізге жеміс тілеймін. Біздің ауданымызда да ғұлама ғалымның мерейтойына арналған атаулы шаралар өткізілуде, өткізіле береді де,- деді А.Әли.

Атаулы көшпелі көрме Қарағанды қаласында өтіп жатыр дегенді естіген ауданымыздың белсенді азаматтары А.Акишев, Т.Ргебаев, Е.Жетпісбаев, Н.Алимов, Е.Құрашев, С.Алиленов, А.Березин, Р.Акошов, К.Кәржанов, Ж.Досов, А.Абишев, Ж.Мұқановтар жұдырық болып жұмылып, қаржылай көмек көрсетіп, аудан басшылығының демеуімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің шараның сәнді әрі салтанатты болып өтуіне қосқан үлесімен ақылы түрде жүретін мұражайды тегін халық назарына ұсынды.

Ғалымының туған күнінде Қ.Сәтбаев атындағы Ақбел орта мектебінің ішінен мұражай ашуға өз көмегін тигізген мектеп директоры С.Алиленов бұл шарадан да тыс қылмай оқушыларын мұражайды тамашалауға арнайы алып келді.

Өзі білім алып отырған ордасына аты берілген ғұламаның еліне сіңірген еңбегімен танысып, рухани азық алған Н.Шаймерденов:

- Мұражайдың біз секілді жас буынға берері көп. Кітап бетінен жаттап өскен дүниеден көзбен көріп, қолмен ұстап көрген дүние есімізде мәңгілікке сақталатын болады,- деп өз ойымен бөлісіті.

«Алтын діңгек – өзім туған босағам» деп Қасым Аманжолов жырлағандай, кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар азаматтарымыздың жас ұрпақтың бойына өнегелі білім берсем деп бастаған бұл бастамасы «Азаматы келіскен ауылдың ертеңі жарқын» екендігін көрсетіп-ақ тұр. 

 

Б.Жакешова

Д.Торжановтың суреттерінде: кұнды жәдігерлер көрермен назарында; көрікті көрерменмен әдемі сурет.

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»