100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

7 МАМЫР - ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ

7-мамыр Отан қорғаушылар күні. Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде осы мерекенің құрметіне  өткізілген «Ұранды елдің-ұрпағы қайсар» атты мерекелік шара сән-салтанатпен аталып өтті. Сахна шымылдығы «Гүлдер» би тобы «Сарбаздар» әнін орындаған «Арман» тобына композиция жасап, әсем билерін ұсынды.

Салтанатты шара әнұранымыз шырқалып  болған соң, аудан әкімі Ш.Мамалинов құттықтау сөз сөйлеп,   әскерге аттанушы  жас сарбаздарға естелік сыйлық табыстады.  Әскерге Отандық борышын өтеуге бара жатқан, ҰОС ардагері Әлібек Жұмановтың немересі  Алтай Әлібеков қазақтың қара домбырасымен  күй тартып берді.

Бұқар жырау аудандық қорғаныс істері  бөлімінің басшысы А.Бухов мерекемен құттықтай келе, елімізде тыныштық болуын тіледі.

Әдемі ұйымдастырылған шара «Гүлдер»,«Шұғыла», «Рауан»  бишілер топтары әсем билерін билесе, «Жалын» тобы, К.Талашев, Ф.Досаева,  Д.Жүнісов, Н.Рахымбай, А.Төлеубаева, Г.Тәуекелова, М.Сидоченко, О.Бейспеков, С.Мұхаметқали, Ж.Жанасылдың шырқаған әсем әндері Ботақара аспанында қалықтады.

Шара соңы «Арқа саздары» триосының орындауындағы «Егемен Қазақстан» әні жүрегімізге патриоттық жігер сыйлады. Бейбітшілікті ту еткен қазақ елі аман, жұрты тыныш болсын!

 

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»