100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Қарақұдық ауылы әкімінің 2018 жылдың 5 айында атқарған жұмыстары туралы есебі.

есебі.

Қарақұдық ауыл аумағы 40068 га.

Ауылда 758 адам тұрады, оның ішінде жастар саны- 229, экономикалық белсенді халық саны - 413 құрайды, жұмыспен қамтылғандар 328 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 79  адам, жұмыссыз 6 адам тіркелген.

Ауыл бойынша зейнеткерлер саны – 66 адам,  мүгедектер саны - 45, оның ішінде 1 топтағы мүгедектер - 9 адам, 2 топтағы мүгедектер - 20 адам, 3 топтағы мүгедектер - 12, 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны - 4 адам. Жеке көмекшілер - 6 адам. 18 жасқа дейінгі балалардың мемлекеттік жәрдемақысын 7 отбасы алады. Тұрғын үй жәрдемақысын  алып отырғандар саны 1 отбасы.

Мемлекетімізде шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіпті кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарына көп көңіл бөлінуде.

 

Ұялы байланыс желісі, жылдамдығы жоғары Интернет. «Қазақтелеком» АҚ филиалы – Қарағанды облыстық телекоммуникациясының бас директоры Б.Амановқа хат жолданып, құзіретіне жатпайтыны және 2018 жылдың даму жоспарында қарастырылмағаны туралы жауап алынды.

  Автобус қатынасы дұрыс жолға қойылған.

 Клуб ғимаратын сатып алуға бюджеттік қаражат қарастырылмаған.

 Ауылға кіре беріс 11 шақырым жол Бұқар жырау коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстарын  жүргізуге сұраныс берілді.

Ауыл бойынша 52 жеке шаруа қожалықтары, 7 жеке кәсіпкерлер тұрақты түрде жұмыс атқаруда. 1772 бас ірі қара мал, оның ішінде сауынды сиыр 995 бас тіркелген. Ұсақ мал саны 2127 бас. Жылқы саны 802 бас.  Құс саны 487 бас. Келешекте ірі қара мал басын 3500 басқа жеткізу жоспарлануда.

Қарақұдық ауылында жылқы малдарының ауруға шалдығуына байланысты 4 айлық шектеу жарияланды.Ветеринарлық заң талаптарына сай сауықтыру шаралары жүргізіліп,12 ауланының мал қиларын тазалауға,шығынга шыққан малдардың құнын нарықтық бағада төлеуді үкімет мойнына алып, қаржы бөлінді.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жер учаскелерін түгендеу және пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жөнінде түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.Егістік алқаптарды электронды базаға енгізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру мақсатында:

Бірінші бағыты бойынша, 2018 жылы «Қаржылық қолдау қоры» бағдарламасы арқылы Құрманбаева Самал Амангелдіқызы жеке кәсібін ашып, 3,0 млн қаражы алуды, және ірі қара мал басын өсіруду жоспарлауда яғни жаңа 1 жұмыс орны ашу көзделуде. Екінші бағыты бойынша қайта даярлау курсынана: С.Құрымбаева, Ф.Несипбекова – тіркелді

 Үшінші бағыты бойынша 1 арнаулы орта білімді азаматша «Жастар тәжірибесі» бойынша 6 айға жұмысқа қабылдау жоспарлануда.

Ауыл бойынша 21 адам жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмыспен 7 адам қамтылды.

Бұқар жырау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар М.Хамитов Көкшетау қаласына «Боровое» демалыс орнына барып, ем алып қайтты.

ҚР 2015-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Сәт көмір» тау-кен АҚ көмір өндіру жұмысын атқаруда.

ҚР 2017-2021 жылдар аралығындағы Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын іске асыру мақсатында:

«Мақсат», «Жарас» «Дастан», «Арайнұр», «СТАС», жеке шаруа қожалық басшылары мал басын көбейту және асылдандыру мақсатында мемлекет тарапынан субсидия алды.

Ауыл бойынша 2018 жылы  1865 гектар бидай - былтырғы жылмен салыстырғанда  726 гектарға,726га арпа - былтырғы жылмен салыстырғанда 156 гектарға өсіп отыр. 200 га көпжылдық екпе шөп себілді.

Коммуналдық қызмет саласында жыл бойы су құбырлары тиісті деңгейде жұмыс істеп тұр.

Ғ.Мұстафин, Ж.Ташенов, А.Жұматаев, А.Қыздарбеков көшелері толық жарықтандырылып, 36 жарық нүктесі қойылған.

 «Қолма-қол бақылау» (КСН) шотына транспорт салықтарынан    1 619 499 теңге қаражат түсіп, 2018 жылдың шілде-тамыз айларында А.Қыздарбекова,А.Жұматаев көшелерінің  жолдары ағымдағы жөндеуден өткізіледі.

Ақпараттық баннерлер дайындауға 75 000 теңге жұмсалды. жылы ауыл ішіндегі А.Қыздарбековке Пилон орнату, саябақ ашу жоспарлануда.

Қыс мезгілінде ауыл ішіндегі көше жолдарын «Набиев» жеке кәсіпкері арқылы қардан тазарту жұмыстары атқарылып тұрды.

Сәуір айында, су тасқынының алдын алу мақсатында, іс-шаралар жоспары құрылып, су өтетін суағарлар, көшелер қардан тазартылды.

 

Көктемгі, айларында тазалық маусымы болып жарияланып, жеке кәсіпкерлермен келісіп, ауыл тұрғындарының көп жылдан жиналып қалған күл- қоқыстары ақылы түрде шығарылып, санитарлық тазалық жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.

2018 жылы мерзімді басылымдарға жазылу 100 пайыздан асырып орындау жоспарланып отыр.

Бөлінген бюджет қаражаты 100 пайыз игерілді.

            ҚР 2016-2019 жылдар аралығындағы білім және ғылым мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Амангелді орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылында 121 оқушы білім алуда, мектеп алды даярлық тобында 12 бала. Сабақ екі аусымда өтеді. Ұлттық біріңғай тестілеуге мектеп түлектері  қатысқан жоқ. Мектепте 20 мұғалім еңбек етеді. 15 мұғалім жоғары білімді, 5 мұғалім орта арнаулы білімді.

Мектеп жанында шағын орталық 1 топта жұмыс атқарады - 23 бала тәрбиеленіп отыр. Мектепке дейінгі балалар тәрбиесі 100 пайызға қамтылған.

1-ші қыркүйектен бастап Доскей саз мектебі арқылы домбыра сыныбы жұмыс істейді.  1 мұғалім 9 балаға дәріс беруде.

Мектеп жаңа оқу жылына дейін ағымдағы жөндеуден толық өтті.

Қазіргі уақытта жылу жүйесі жақсы жұмыс істейді. 

Аудандық бюджеттен оқулықтарға 1 076 971 теңге бөлініп, оқушылар 100 пайыз оқулықтармен қамтылды.

Мектепке кең жолақты интернет желісі орнатылды. «ASTEL» АҚ 4 mb/s және Назарбаев интелектуалдық мектебі (НИМ) тарапынан тегін 2 ПИК (Проектор интернет компьютер) және облыстық базистік дүкенінен 2 ПИК (Проектор интернет компьютер)  – 980 000 тенге берілді.

            ҚР 2016-2019 жылдар аралығында денсаулықты дамыту «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында:

Ауыл бойынша фельдшерлік-акушерлік бөлім жұмыс атқарады. Қазіргі уақытта медбике С.Қисап жұмыс атқаруда. 2017 жылы 8 бала туды, қайтыс болғандар саны - 6 адам. Жылжымалы флюроография 03 маусым айындаи келуі жоспарланып отыр,бұл жөнінде тұрғындарға хабарлау шаралары ұйымдастырылуда.

Ауылда кітапхана, клуб жұмыс істейді.

Кітапханада кітап қоры 3843 кітапты құрайды, оның ішінде 2677 кітап қазақ тілінде. Жылдық оқырмандар саны – 537, жылдық кітап берілімі 6113.

Жыл бойы «Мақсат» - Қ.Тугелбаева, «Алихан» - Б.Смаилов, Н.Фёдоров - «Апрель», «Атамекен» -Исабеков Т, «Алмаз» - А.Жуматаев, «Мақсат»-Қ.Макенов, «Ерғали» - Макенов С, «Кызыр» - Макенова Р, «Ариран» - Макенов Ж,К.Мусин  «Айжан» шаруа қожалық, басшыларының, жеке кәсіпкерлер Н.Исабекова, С.Искакова, А.Какабаева, Р.Дюсембекова  демеушілік жасауымен ауылда мерекелік іс-шаралар өткізіліп тұрды.

«Жарқын жүзді азаматты еске аламыз» атты «Жауынгер-интернационалист» Асылбек Мұхтарұлы Жуматаевты еске алу мақсатында, Айтпай Жумагулов, Айтпай Жуматаевтың демеушілік жасауымен дәстүрлі көшеаралық футболдан турнир ұйымдастырылды. 2018 жылы дәстүрлі көшеаралық футболдың ұйымдастырылғанына 10 жыл толуына байланысты турнир аудан көлемінде өткізілу жоспарлануда.

      Ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуын көтеруде алдағы тұрған міндеттер:

- Шаруа қожалықтарының пайдаланбайтын жерлерін тапсыру жұмыстарын жалғастыру.

- Пайдаланылмайтын жерлерді айналымға енгізу жұмысын жалғастыру

- ауыл ішіндегі А.Қыздарбеков,А.Жұматаев көшесінің жолын жөндеу, саябақ ашу жоспарлануда.

- Ауылда мал шаруашылығы кооперативін құру және жаңа жұмыс орындарын ашу

- Су құбырларын қызмет көрсету мекемесіне тапсыру, су есептегіш құралдарын орнату және тариф бекіту.

Осы алдағы тұрған міндеттерді, ауыл тұрғындары сенім білдіріп, қолдау көрсетсе, бірге орындаймыз.  

           

Қарақұдық ауылының әкімінің

міндетін атқарушы                                                                Б.Мусина

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»