100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Жаңалықтар

Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі Ерлан Узденовтың 2018 жылдың 5 айы бойынша атқарған жұмыс есебі

«Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ Сізге әлеуметтік – экономикалық дамудың 2018 жылдың 5 айлық көрсеткіші бойынша келесідей ақпарат беред:

          ТҮКШ, ЖК және АЖ бойынша:

  1. Коммуналдық төлемдерді 77,1% жиналды, себебі округ тұрғындары зейнетақы, жалақы алғаннан кейін айдын аяғында түсуіне байланысты орын алуда;
  2. Бұқар жырау ауылына ҚТҚ полигоны жер актісі барлық құжаттары заңдастырылып дайындалды. Бүгінгі танда «Гипроводхоз» ЖШС құжаттары жоба дайындауға тапсырылды. Жоба дайындалған соң тиісті жұмыстар жалғастырылатын болады.
  3. Округ аумағында контейнерлер орнатылмаған.
  4. Округтің ЖПҚ УПИ тұрғындардын күл-қоқысын шығару бойынша «Ескерту» хаттамасы толтырылды. Бүгінгі танда тұрғындармен күл-қоқыстар шығарылуда.
  5. Жаз айларында су өлшеуіш құралдарын орнату жоспарлануда. Түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бойынша:

  1. «Қамқор» қосымшасына 3 жеке кәсіпкер тіркелді. Тіркелу баяу жүру себебі округ аумағында ұялы байланыстын болмауынан орын алуда. Жұмыстар жалғастырылуда.
  2. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмыстар қалыпты атқарылуда. Инвесторлар іздестірілуде.
  3. Округ аумағында әлеуметтік нысандар жоқ. Жұмыстар атқарылуда.

Тұрып қалған кәсіпорындар бойынша:

  1. Округ аумағында статистикалық мәлімет бойынша 4 тұрып қалған кәсіпорындар белгіленген, алайда округ аумағында олардың 3 тұрмайды және тұрмаған. 

Инфляциялық процесс бойынша:

  1. Бағалардың өсуі облыс, аудан орталығынан алыстығы есебінен және де жанар-жағармай бағасының тұрақсыздығынан орын алуда;

           Ауыл шаруашылығы бойынша:

  1. Округ аумағында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жыл аяғына қарай белгілі болады. Бірдейлендіру нәтижесі бойынша 31.05.2018 ж. ІҚМ басы 1778 бас, ҰММ 2905 бас, жылқы малы 956 басты құрады. Қосымша малдар төлдеуде. Жұмыстар уақытылы жүргізілуде.
  2. Округ аумағында 1 АӨК тіркелген. Жоспар бойынша 2 АӨК,  жыл аяғына дейін орындалатын болады.

Ветеринария бойынша:

  1. Округ аумағында өлекселерді көму аланы қарапайым түрде, ветеринариялық іс шаралар округ аумағындағы шаруа қожалықтарының қоршауында және де жеке тұрғын үй қораларында жүргізіледі;

Жер қатынастары бойынша:

  1. Ауыл шаруашылық жерлерінің 1868 га мақсатты түрде пайдаланбайды, себебі кезінде жерді алған шаруа қожалық басшылары кейбіреулері қайтыс болған, кейбірі көшіп кеткен. Бүгінгі танда олардын қайтыс болғаны туралы анықтама Әділет басқармасынан алынып жер қатынастары бөліміне тапсырылды, және де 2018 жылы пайдаланбайтын шаруа қожалық басшыларының құжаттар облыстық аумақтық жер инспекциясына тапсырылатын болады. Бүгінде үш шаруа қожалық жерлерін қайтарды;

Білім беру бойынша:

  1. Бұқар жырау негізгі мектебінде су бар, Шалқар негізгі мектебінде су жоқ, Бұқар жырау НМ от жағу жүйесін сыртқа шығару жоспарлануда. Сонымен қатар мектеп төбесін жөндеу жоспарлануда. Бүгінгі танда Шалқар НМ от жағу жүйесі өткізілуде, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Дене шынықтыру және спорт бойынша:

  1. Жазғы аудандық спорттық іс шараларға округтің жастары футболдан, үстел тенисінен, шахмат, дойбы жарыстарына қатысуда, алайда округтегі Бұқар жырау НМ спорт залы күрделі жөндеуді қажет етеді, бүгінгі танда онда қандайда бір спорттық іс шаралар ұйымдастыру мүмкін емес;

 

Бұқар жырау ауылдық округінің әкімі       Е. Узденов

Комментарии (0):

Комменатриев нет.

Добавить комментарий

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»