100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылықтарды қар жинау акциясына қосылуға шақырады

Қарағанды облысының тұрғындарын Birgemiz қар тазалау акциясына қосылуға шақырады. Ол 25-ші қаңтар күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтеді.
Акцияға еріктілер, жастар ұйымдарының, бизнестің өкілдері, спортшылар, ЖОО мен колледж студенттері қатысады. Шара барысында 300-ден астам аула тазаланады деп жоспарлануда. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдар тұратын үйлер мен аулалар бірінші кезекте тазартылмақ. Мектеп, балабақша, ауруханалар, мәдениет үйлері мен жаяу жүргіншілер жолдары тазаланады. Еріктілердің бір бөлігі ҰОС ардагерлері мен жеке үйлерде тұратын жалғыз басты зейнеткерлерге қар жинауға көмектеседі.
Барлық тілек білдірушілерді науқанға қосылуға шақырады. Тазалау аумағын өзіңіз таңдауыңызға болады. Қажетті құралдарды өзімен бірге алып келу қажет.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»