100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы шығарылды

Қарағандыда «Жас кәсіпкер мектебінің» қорытындысы жасалды. Жоба биылғы жылдың 3 желтоқсанында басталды. Осы уақыт аралығында «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында 65 адам оқудан өтті. Оларға бизнесті жүргізудің заңды, экономикалық және әлеуметтік аспектілері туралы айтып берді, маркетинг, менеджмент негіздері бойынша сабақ берілді, бизнес-жоспар жасауға үйретті.
Әр оқушы өзінің бизнес-жобасын әзірледі. «Бизнес-идеялар жәрмеңкесі» байқауының 12 үздігі іріктеп алынды. Олардың қатарында кітап кафесінің, балалар кафесінің, дұрыс тамақтану орталығының жобасы, зияткерлік орталық құру, жабық футбол манежінің құрылысы, мобильдік қосымшалар және т. б. бар.
Идея авторлары қабылдау комиссиясының мүшелеріне өз стартаптарының пайдалылығын дәлелдеп, оған Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының мамандары, өңірдің табысты бизнесмендері, мемлекеттік органдар мен «Даму» қорының өкілдері кірді.
Байқау қорытындысы бойынша комиссия төрт үздік жобаны таңдады. Андромед Байзыкен және Сабина Болат балалар сұлулық салоны жобасымен бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Химиялық тазалау ашқысы келетін Айбибі Төлеуова иеленді. Үшінші орынды Камила Әлиасқарова жабық футбол манежін салу идеясымен және Артем Вишневский, Кирилл Прямоносов, Мұстафа Тәңірберген, Әділ Қанатбеков толығатын шикізаттардан қағаз өнімдерін өндіру жобасымен бөлісті.
Барлық жобалар кейіннен мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар мен басқа да қаржы қаражатын алу үшін ұсынылатын болады. Қалған қатысушыларға арнайы номинациял бойынша марапаттар табыс етілді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»