100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйістер орын алды

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының екі орынбасары тағайындалды.
Аппарат кеңесінде Қарағанды облысы ПД бастығы полиция полковнигі Ерлан Файзуллин жеке құрамға бастықтың жедел жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Даниярбек Үметайұлы Мұсаевті және жалпы сұрақ жөніндегі орынбасары - полиция полковнигі Александр Иванович Тарасенконы таныстырды.


Полиция полковнигі Даниярбек Үметайұлы Мұсаев
1965 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1986 жылы ішкі істер органдарында қызметін бастады. 1986 жылдан 1996 жылға дейін Жамбыл облысы ІІБ-ның түрлі жедел қызметтерін атқарды. Жамбыл облысы ІІБ бастығының орынбасары қызметін атқарған. 2005-2010 жылдары көліктегі Оңтүстік-Шығыс Ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары, 2010-2013 жылдары ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары болып тағайындалғанға дейін полиция полковнигі Д. Ү. Мұсаев ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.

Полиция полковнигі Александр Иванович Тарасенко
1967 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 26 жылдан астам қызмет етеді. 1993 жылдан бастап Қостанай облысы ІІБ Науырзым ауданы ІІБ мемлекеттік автоинспекторы болып бастады. 1993 жылдан 2012 жылға дейін Қостанай облысы ІІД әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2012 жылдан 2017 жылға дейін Қостанай облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болған. Қарағанды облысының полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалғанға дейін полиция полковнигі А. И. Тарасенко ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі Комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
​Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин өз орынбасарларына жемісті еңбек тіледі.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»