100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Полиция бөлімшелерінде кадрлық тағайындаулар орын алды

Қарағандыда Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің бастығы ауысты. Бұл лауазымды енді полиция подполковнигі Азамат Әткеев атқаратын болады. Осы қызметке дейін ол осы бөлімде бастықтың орынбасары болған.
Жеке құрамға жаңа жетекшіні Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қайыркен Әлиев таныстырды.
Азамат Әткеев ішкі істер органдарында 20 жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Басшылық қызметтерді атқару тәжірибесі бар. Михайлов полиция бөлімі бастығының жедел қызмет жөніндегі орынбасары болған. Сонан соң Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне ауысқан.
Оңтүстік-Шығыс ПБ бұрыңғы бастығы полиция полковнигі Әбіл Әбілдин жаңа лауазымға тағайындалды. Ол облыстық ПД Криминалды полиция басқармасының бастығы қызметін атқаратын болады.
Жаңа жетекшілер алдында бөлімшелердің жұмысын жетілдіру, полицейлердің имиджін жақсарту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Қарағанды облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»