100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Балқаш қаласында Сәкен Сейфуллиннің мүсіні жаңартылды

Балқашта Сәке Сейфуллин атындағы мектеп-лицейдің алдында 25 жыл бұрын орнатылған жазушының мүсіні жаңартылды. Іс-шараны жүзеге асыруға оқу орнының түлектері бастамашыл болған. Осылайша олар «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлестерін қосып, танымал мемлекет қайраткері, ақын, жазушының 125 жылдығын ата өтуді шешкен. .
Мүсін композициясы қайта қалпына келтірілді. Ескерткішке Сәкен Сейфуллиннің сөздері жазылған мемориалдық тақта орнатылды.
Жаңартылған мүсіннің ашылуына экологиялық акция себеп болды. Мектеп аумағында түлектер мен ата-аналар 125 жаңа ағаш отырғызды.
Ашылу рәсіміне қала басшылығы, жұртшылық жиналды, жазушының ұрпақтары келді. Қонақтар Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдары жинақталған мектеп мұражайының экспозициясын тамашалады.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»