100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

«Ұлы дала мұрасы» атты аушы құстар және иттермен аң аулау бойынша халықаралық турнирінің нәтижелері белгілі болды

Қарағанды облысында «Ұлы дала мұрасы» атты аушы құстар және иттермен аң аулау бойынша халықаралық турнирінің қорытындысы шығарылды. Жүлде қоры 2,5 млн. теңгені құрады.
Турнирдің қорытындысы бойынша ең Үздік бүркітші Жамбыл облысынан келген Серікболсын Жалғасұлы болды. Екінші орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров иеленді. Үздік үштікті Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Серікбек Күнтуған түйіндеді.
Үздік сұңқар салушы аңшы атағы Алматы облысынан келген Медет Шәліповке берілді. Бұл номинацияда Қырғызстаннан келген Түгелбай Әбдіқадыров күміс жүлдені иеленді. Ал үшінші орын Атырау облысының тұрғыны Ерасыл Серікбекке бұйырды.
Ең жылдам қаршығалар Қырғызстаннан келген Әбдірасұл Қуатов, Маңғыстау облысынан Ержан Сахарбай және Жамбыл облысының тұрғыны Берікболсын Бабажандікі болды.
Бірінші орынды Павлодар облысының тұрғыны Бекболат Ысқақов иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, жарыс Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы кентінің маңында өтті. Жеңіске жету үшін ұлттық спортшылар 8 және 9 қараша күндері бақ сынасты.
Іс - шара Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналып, «Рухани жаңғыру» ұранымен өтті.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»