100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында картоптың мол өнімі жиналды

Биыл Қарағанды облысының алқаптарынан 270 мың тонна картоп жиналды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Өңіріміздің тұрақтандыру қорына оның 2100 тоннасы жөнелтіледі. Бұл қыс айларында көкөніс бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Абай ауданына жұмыс сапары барысында «Шанс» шаруа қожалығында болды. Оның басшысы Игорь Жабяк облыс билігімен қол қойылған меморандумға сәйкес тұрақтандыру қорына 500 тонна картоп беруге дайын.
«Шанс» шаруа қожалығы - Қарағанды облысындағы ең ірі ауылшаруашылық кәсіпорны. Мұнда картоп, дәнді және жемдік дақылдар өсіріліп, мал ұстайды.
Астық Қарағанды, Ақмола облыстары мен Нұр-Сұлтанға жеткізіледі. Бұл Елбасының тапсырмасы бойынша құрылған елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысатын біздің аймақтағы жалғыз шаруа қожалығы емес.
Мысалы, «Топар жылыжайлары» ЖШС жыл сайын өз өнімінің үштен бірін Нұр-Сұлтанға жөнелтеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ғана елордаға 800 тонна қияр, қызанақ және бұрыш секілді көкөністер жөнелтілді.
«Топар жылыжайлары» ЖШС елімізде 20 гектар жабық топырақ алаңдарына ие. Өнімнің негізгі бөлігі - қияр мен қызанақ болып табылады. Бұл жерде лимон, апельсин және эксперимент ретінде гуава, папайя, анар және құрма өсіріледі.
Осы жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін жиналған өнімнің жалпы салмағы 3 663 мың тоннаны құрады.
Жеңіс Қасымбек кәсіпорында болып, директор Сұлтан Мүрсәлімовпен әңгімелесті. Оның айтуынша, қазір жылыжай үшін басты мәселе – жарықтандыру болып отыр.
– Қияр өсетін жаңа жабық кешеннің бір бөлігі жарықтандырылмаған – электр желілерінің қуаты жетіспейді. Бұл өнімділікке тікелей әсер етеді. Егер қазір біз шаршы метрден 43 тонна жинайтын болсақ, онда жарықтандыру арқылы 100 тонна жинайтын болар еді, - деді Сұлтан Мүрсәлімов.
Сонымен қатар, жылыжайдың бір бөлігі жаңғырту мен кеңейтуді қажет етеді. Бұл жерде экзотикалық жемістер өсіруге мүмкіндік бар. Яғни, Қарағанды облысын, Астананың және басқа өңірлердің тұрғындарын отандық өндірістің пайдалы және сапалы өнімдерімен қамтамасыз етуге болады.
Абай ауданына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы сонымен қатар Тасзаимка кентіне апаратын жолды қарап шықты. Өңір басшысы көктемгі су тасқынының алдын алу үшін оны күрделі жөндеу өткізу және биіктету үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді тапсырды.
Әкім сондай-ақ «Восточная» орталық байыту фабрикасының және Топарадағы ГРЭС жұмысымен танысты. Кәсіпорындарда елеулі проблемалар жоқ. Мұнда барлық жұмыс штаттық режимде жүріп жатыр.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»