100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Бизнесмендер жас қарағандылықтармен өз жетістіктерімен бөліседі

Қарағандыда «Баста» бизнес-форумында жас стартаперлермен өз ісінде табысқа жеткен адамдар кездеседі. Шара 20 қыркүйекте Достық үйінде өтеді.
Іс-шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы. Осындай бизнес-форумдар Қазақстанның әр облысында өтеді.
Қарағандыда баяндама жасайтын спикерлер: Ардақ Назаров – кәсіби күрескер, Alem fighters спорт клубы желісінің иесі, «Ардақ Назаров» қорының негізін қалаушы; Ерлан Әшім — Natige, 220 VOLT компанияларының негізін қалаушы, құрылтайшысы; Ақылсерік Сәдуақасов — Франчайзи Like Центр, Beauty 11 негізін қалаушы, Яндекс.Такси серіктесі.
Олар жастармен өз жетістіктерімен бөліседі.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов форумда бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып береді.
Кездесуге «Бастау» курсының түлектері, бренд-амбассадорлар шақырылды. Бизнес-жаттықтырушылар шеберлік сабақтары мен кеңестер өткізеді.
Форумға қатысушыларды тіркеу - 10.00.
Кіру: барлық қалаушылар үшін тегін.
Достық үйінің мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 64.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»