100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында жарты жылда денсаулық сақтау саласына инвестиция көлемі 4 есеге артық орындалды

Статистикалық мәліметтер бойынша 2019 жылдың 6 айында аймақтың медицина саласына инвестиция көлемі 4 есеге артып, 1.9 млрд.теңгені құрады (1 893 546 мың теңге), жоспар бойынша 0.4 млрд. теңге (436 064 мың теңге). Олардың жартысынан көбі-жеке инвестициялар.
Бюджеттік салымдар – 607 594 мың теңгені құрады. Олардың басым бөлігі – 309 646 мың теңге құрал-жабдықтарды сатып алуға жұмсалды. Қалған қаражат күрделі жөндеу және жаңа ғимараттарды салуға бағытталды.
Бюджеттен тыс қаражат (жеке инвестициялар) – 1 285 952 мың теңге, оның ішінде::
1. Құрылыс 109 000 мың теңге.
2. Күрделі жөндеу – 402 378 мың теңге
3. Жабдықтар сатып алу – 774 574 мың теңге
Сонымен қатар, жыл соңына дейін Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы МЖӘ аясында және жеке инвесторлар есебінен 15 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде ауқымдылары:
* Балалар емханасын ашу (Пришахтинск) 300 млн. теңге
* 3 емхана салу жіне ашу - 1.2 млрд. теңге
* Оңтүстік-шығыста оңалту орталығын ашу-120 млн. теңге
* Майқұдықта балаларды оңалту орталығын ашу
* Сәтбаев қаласында гемодиализ орталығын ашу - 116 млн. теңге
2019 жылы денсаулық сақтау саласына барлығы 7 246 556 мың теңге, оның ішінде жеке меншік - 5 465 000 мың теңге инвестиция салу жоспарлануда.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»