100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандылықтар үшін пилоттық режимде алдағы салық төлемдерін төлеу қолжетімді болады

Шетелге сапарға шығуды жылдар бойы армандап, көптен күткендер үшін Egоv порталында жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін төлеу және қарау қызметі қол жетімді екенін хабарлаймыз. Қызмет пилоттық режимде Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары үшін қол жетімді.

Егер де Сіз, елден кету барысында сізді “тосын сый” күтпесін десеңіз салықтық қарыздардың болуын және болмауын алдын ала тексеріңіз.

Ол үшін 4 қарапайым қадам қажет:

1. Электронды үкіметтің порталына кіріп, “Онлайн қызметіне тапсырыс беру” тетікшесіне өту;

2. ЭСҚ арқылы авторизация, логин мен парольге бір реттік sms-пароль;

3. Өтінімде салық төлеушінің ЖСН-нін көрсету және “Әрі қарай” тетікшесін басу;

4. Алдағы төлемдер туралы ақпаратты алу барысында салықты таңдау, “Төлеу” тетікшесін басып оны төлеу қажет.


Назар аударыңыз!

Қызмет үшін төлемді жеке банкалық карта арқылы ғана жүргізу қажет. Төлем чегін жеке кабинеттен (“Төлемдер тарихы” бөлімі) алуға болады.

 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»