100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

"Сары-Арқа 2019" облыстық жазғы ауыл спартакиадасы басталды

"Сары-Арқа 2019" ХХХІІІ облыстық жазғы ауыл спартакиадасы басталды. Оған Қарағанды облысының барлық аудандарынан 600-ден астам адам қатысты.

Жарыс бағдарламасына спорттың 11 түрі енгізілді: волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, жазғы президенттік көп сатылы сайыс, армрестлинг, гирь спорты, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, дойбы, асық ату. Қатысушылардың жасы-18 және одан жоғары.
- Бұл спартакиада дәстүрлі болды. 1986 жылы облыстық спорт комитетінің отырысында ауыл спортшылары арасында бірінші облыстық спартакиада өткізу туралы шешім қабылданды. Жарыс әр аудандарда ұйымдастырылады, өткен жылы бұл Нұра, биыл – Абай, онда "Жігер"стадионында өткен спартакиаданың әсерлі театрланған ашылуы болды. Ауыл тұрғындары осы дәстүрлі облыстық біріншілікке үлкен ықыласпен қатысып отырғанын атап өткім келеді, - деді Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Нұрлан Аширбек.
Өткен жылы спартакиадада Абай ауданының командасы бірінші орынды, Нұра ауданының құрама командасы екінші орынды, Жаңаарқа ауданының құрама командасы үшінші орынды иеленді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»