100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

«Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 60 астам қарағандылық кәсіпкерлер оқытылуда

Қарағандыда жоғары және орта буын басшыларына, шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған «Іскерлік байланыстар» білім беру жобасының бірінші кезеңі басталды 

Үш апта бойы қатысушылар үшін бизнес-тренингтер ұйымдастырылады. Олар басқару, жоспарлау, тайм-менеджмент, келіссөздер технологиясы, сыртқы экономикалық байланыстар саласында құзыреттерді жақсарту саласында дағдылар мен білім алады. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері туралы көбірек біле алады. Шетелдік және отандық тренерлердің басшылығымен кәсіпорынды дамытудың бизнес-жоспарын әзірлеу үшн қажетті тиімді презентациялар дайындайды.
Жоба бойынша Қарағанды облысынан 60 астам кәсәпкерлер оқытылады. «Атамекен» ҰКП арқасында бизнесті жүргізудің заманауи әдістері туралы біледі. Оқу тегін өткізіледі. «Іскерлік байланыстар» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іске асырылады.
Оқудан кейін қатысушылар курсты аяқтағаны туралы сертификат алады және Германияға барып қайту үшін бағдарламаның 2-кезеңіне конкурстық іріктеуге өтінім бере алады.
- Бұл біздің кәсіпкерлерімізге шетелдік машықтанудан өтуге, аналог бизнес жүргізудің бағалы тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Ұшақпен барып келу, шетелде тұру бойынша барлық шығындарды мемлекет өзіне алады, - деді Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Кульпеисов.
Екінші кезең Германияда тегін төрт күндік тақырыптық бизнес-машықтануды қарастырады. Қатысушылар аналог бейіндегі кәсіпорындарға бара алады және технологиялар трансферті және жабдықтарды сатып алу, франшиза мен лицензиялар алу, халықаралық және шетел ұйымдарының гранттарын алу, бірлескен кәсіпорындарды құру сияқты бағыттар бойынша шетел әрііптестерімен іскерлік байланыс орната алады.

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»