100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда домбыра күніне орай «Ұлы дала перзенті» фестивалі өтеді

4 шілде күні домбыра күні қарсаңында Достық үйінде «Ұлы дала перзенті» атты шертпе күй фестивалі өтеді. Басталуы сағат 15.00, кіру тегін.

Фестиваль композитор Сембек Айдосұлының 155 жылдығына арналған. Оған «Жыр қағаны» поэтикалық байқауының жеңімпазы Айдын Байыс, күйші, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Жанғали Жүзбаев, өнертану докторы Ардаби Маулетұлы, өнер қайраткері Болат Тәкішев, сондай-ақ дәстүрлі орындаушылар Медет Осатаев, Айгүл Бақторазқызы және басқа да әртістер қатысады.
Сембек Айдосұлы (1864-1931 ж.ж.)– Қарағанды өңірінде ғана емес, сонымен қатар басқа аймақтарда да танымал композитор және күйші. Ол Қыздарбектің оқушысы болып табылады.
Қазақстанда Ұлттық домбыра күні биыл екінші жыл аталып өтіледі. Өткен жылдың 13 маусымында Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және қайта жаңғырту идеясының айналасында қоғамды одан әрі біріктіру мақсатында осы мерекені жариялаған болатын. Домбыра күні жыл сайын шілде айының бірінші жексенбісінде тойланады.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»