100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағанды облысында Кеңес Одағының батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100-жылдығы атап өтілуде

Биылғы жылы қарағандылықтар өздерінің жерлестері – Кеңес Одағының Батырлары Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығын атап өтеді. Мерейтойға спектакльдер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, семинарлар, ашық сабақтар, байқаулар, көрмелер мен концерттер арналды.
- Мереке «Ұлылар есімдері ұлықтауда» ұранымен өтуде, - деді мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев. - Биыл Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 90 жыл толады. Осыған байланысты біздің облыста жыл бойы мерейтойларға арналған 100-ден астам іс-шаралар жоспарланған. 23 тамызда Орталық саябақта қарағандылық әртістердің, сондай-ақ танымал қазақстандық эстрада және кино жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Безендіру өте қызықты болады. Киноактерлер біздің кейіпкерлер рөлінде өнер көрсетеді. Көрермендер «Қыран қазақ» спектаклін тамашалайды.
Мерейтой шеңберінде аударыспақ, асық ату, теңге алу, жамбы ату және қазақша күрес секілді ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық «Бессайыс» чемпионаты өтеді. Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайында «Қарқаралыдан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының батыры» атты тақырыптық ғылыми конференция мен көрме өткізуге дайындалуда. Сондай-ақ, жастар арасында «Ел ерлерге, мұра ұрпаққа ұран» атты шығармашылық байқау жоспарланып отыр. Ал облыстық білім басқармасы Батыр Нүркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановқа арналған патриоттық акция дайындауда.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»