100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған мереке 20 қыркүйекте Қарағандының орталық саябағында өтеді

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған басты шара 20 қыркүйекте Қарағандыда Орталық мәдениет және демалыс саябағының сахнасында өтеді. Бұл туралы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Еркебұлан Ағымбаев мәлімдеді.

Биылғы жылы республикада қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы аталып өтіледі. Қарағанды облысында жыл бойы осы күнге арналған іс-шаралар өтуде.
- Облыс мектептерінің оқушыларының қатысуымен «Сәкен оқулары» өтті. Сондай-ақ, аудандық театрлар байқауы, ақындар мен жазушылар арасында дода, ән байқауы ұйымдастырылды. Жаңаарқа ауданында біз алғаш рет «Арқаның сал-серілері 2019» атты облыстық ақындар мен әншілер сайысын ұйымдастырдық. Облыстың барлық мұражайлары мен кітапханаларында жыл соңына дейін семинарлар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі және тақырыптық көрмелер өтеді. Барлығы 60-тан астам мерейтойлық іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз, - деді Еркебұлан Ағымбаев.
Ол сондай-ақ жазушының 125 жылдығына орай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы зерттеу жұмыстарын жүргізетінін атап өтті. Нәтижесінде Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметі туралы монография шығарылады. С. Сейфуллин атындағы қаздрамтеатр және Жезқазған Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық театрында Жолтай Алмашевтың «Сәкеннің соңғы сапары» және «Сәкеннің соңғы сәттері» атты жаңа спектакльдері дайындалуда.
- Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған басты шара 20 қыркүйекте Қарағандыда орталық саябақтың сахнасында өтеді. Бұл күні онда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен концерт өтеді. Сондай-ақ көрмелер, ойындар, театрландырылған қойылым ұйымдастырылады, - деді Еркебұлан Ағымбаев. – Мұнымен біздің ақын, жазушының мерейтойын атап өту шектелмейді. Күзде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланған. Оны облыстық Тілдер басқармасы ҚарМУ-мен бірлесіп ұйымдастырады. Қараша айында облыс әкімінің кубогы үшін жарыс өтеді. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы шахматтан республикалық чемпионат ұйымдастырады. Ал Шет ауданында «Салбурын» республикалық турнирі мен «Дала дауысы» атты халық әндерін орындаушылар арасында байқау өткізіледі.
Мерейтойға орайластырылған салтанатты шаралар Сәкен Сейфуллин туралы деректі фильм көрсетілімімен аяқталады. Картинаның премьерасы жыл соңына жоспарланған.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»