100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда қазақстан полициясының 27 жылдығы атап өтілді

Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған полицейлерді еске алды. Сондай-ақ, Департаменттің 200-ден астам қызметкері Қазақстан полициясы күніне орай марапатталды.


Биылғы жылы Қазақстанның ішкі істер органдары 27 жылдық мерейтойын атап өтуде. Қарағанды қаласында өткен салтанатты шаралар алдымен департаменттің ауласында орналасқан мемориалдық тақта тасының басында басталды. Департамент басшылығымен ардагерлер қызмет барысында қаза болған қызметкерлердің құрметіне орнатылған даңқ тақтасына гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Шақырылған қонақтар қатарында қаза болған қызметкерлердің отбасы мүшелері, сондай-ақ ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің бастығы, генерал-майор Кендебай Адамбеков болды.
- Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары 27 жыл ішінде талай белестерден өтті. Қарағанды облысы Ішкі істер органдарының жеке құрамы қашанда еңбекқорлығымен кәсіби шеберліктерінің арқасында алдыңғы қатардан көрінді. Біз әрқашанда қандай жағдай болмасын азаматтардың құқығымен бостандығын сақтауда өзімізге жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, Елбасының сарабдал саясатын қолдап, ел игілігі үшін қызмет атқарамыз. Сіздерді кәсіби мереке Қазақстан полициясының 27-жылдық мерекесімен құттықтап, отбасыларыңызға амандық еңбектеріңізге жеміс тілеймін», - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.
Қазақстан полициясының құрылғанына 27-жыл толуына орай өткен мерекелік іс-шара барысында қызметімен ерекше көзге түсіп, қатарынан оза шапқан 200-ден астам қызметкер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы, облыс әкімінің шешімі және ішкі істер департаменті бастығының бұйрығымен, ҰҚК департаменті бұйрығымен марапатталды.

Қазақстан полициясы күнінің тарихы 1992 жылдың 23-ші маусымынан бастау алады, дәл осы күні Қазақстан Республикасының Президентімен «Ішкі істер органы туралы» Заң қабылданды. Бұл құжат Қазақстандық полиция қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын алғашқы акті болып табылады. Осы айтулы мерекеге орай облыстық ішкі істер департаментінде мерекелік іс-шаралар болып өтті.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»