100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Қарағандыда алғашқы полицейлер фронт-кеңсесі ашылды

Жаңа фронт-кеңсенің жұмысы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаттарына негізделген. Ол open-space принципі бойынша құрылған – мұнда торлы есіктер мен қатаң өткізу режимі жоқ. Келушілерді полиция қызметкерлері қарсы алады, олардың ыңғайлылығы үшін жайлы күту залы жабдықталған және экранда танымдық ақпарат көрсетіледі.
Фронт-кеңсее «Әкімшілік полиция басқармасы», «Көші-қон қызметі басқармасы» және басқа да қызметтер бар, онда келушілерге көлікті тіркеу, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, тұрақты мекенжайын ауыстыру, шет елге шығуға байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі. Жаңа нысан халықпен жұмыстың жаңа форматын енгізу аясында ашылды.
Азаматтарды қабылдау бөлмесінің қызметкерлері өтініш берушілермен тікелей жұмыс істейтін болады, ал бұл өтініштерді қарау уақытын қысқартуға, мәселелерді шешуде қол жетімділікті, ашықтықты және жеделдікті қамтамасыз етеді. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
- Өзінің тікелей міндеттерін орындаудан басқа фронт-кеңсе қызметкерлері азаматтардың құқық қорғау органдарының жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын тіркейді, - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин.
Фронт-кеңсе Қарағанды облысы полиция департаментінің ғимаратында, Ерубаев көшесі, 37 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.
 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»