100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Спасск оқу полигонында "Айбын-2019" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді

"Айбын-2019" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны Спасск оқу полигонында 17-22 маусым аралығында өтеді.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен қатысушылар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, әскерилендірілген эстафетадан, iqazaqstan интеллектуалдық ойынында, meniń robotym және Aibyn daysy робототехникасы бойынша байқауда, сондай-ақ әскери-тактикалық ойында жарысатын болады.
"Айбын" республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны биыл бесінші рет өтеді. Ол алғаш рет Қарағанды облысындағы "Спасск" оқу орталығының полигонында 2015 жылы ұйымдастырылып, 800-ден астам адамның басын қосқан болатын.
Қатысушылар қатарында әр аймақтан келген әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, республикалық мектеп-интернаттардың оқушылары, жоғары оқу орындарының әскери кафедраларының студенттері бар. 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»