100%200%
БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ

Новости области

Облыс әкімі ЕҚЫҰ халықаралық байқаушыларымен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро миссиясының бақылаушылары Мартин Россман мен Камиль Форимен кездесті. Олар ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы күніне дейін өңірде жұмыс істейтін болады – сайлау учаскелерінің дайындығын бақылап, сайлау алды жағдайын қадағалайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда ЕҚЫҰ-нан 22 ұзақ мерзімді бақылаушы жұмыс істейді. Бұған қоса 9 маусымға дейін елімізге қысқа мерзімді бақылаушылар келеді. Олар сайлау учаскелерінде дауыс беру барысын және дауыстарды санауды қадағалайтын болады.
Біздің өңірде халықаралық бақылаушылар Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы сайлау учаскелерінің жұмысына қатысуды жоспарлап отыр.
Сайлау күні Қазақстанда 200-ден астам шетелдік бақылаушы жұмыс істейтін болады.
- Қазір біз сайлау комиссияларымен, қалалар мен аудандар әкімшілігімен кездесіп жатырмыз. Ал Елордада біз Президент лауазымына кандидаттармен және штаб мүшелерімен кездесулер өткіземіз, - деп түсіндірді Мартин Россман.
Ерлан Қошанов миссияға қатысушыларға Қарағанды облысы туралы және сайлауға дайындық туралы айтып берді. Өңірде сайлаушылар тізімі жаңартылды – жаңа тізімде 938 мың адам бар. Олар үшін 787 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Әрқайсысына мүмкіндігі шектеулі адамдардың қажеттілігі ескерілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында кәсіпкерлер қауымдастығы базасында шетелдік бақылаушыларға көмек көрсету орталығы құрылды. Бұл жерде оларға өңір бойынша трансфер, баспасөз конференцияларын өткізу және жұмыс істеу үшін алаңдар ұсыныоып, қажетті түсініктемелер беріп, тіпті бос уақытын ұйымдастыру да қарастырылған.


 

Вернуться к списку новостей

© 2015 Информационный портал аппарата акима Бухар-Жырауского района
Яндекс.Метрика
Разработка и поддержка сайта: Интернет компания «Creatida»